Күндердің күнінде Омар ибн Абдул Азиз қол астындағы мұсылмандарды жинап былай дейді:
– Алла Тағаланың жолын үнсіз (көп сөйлемей) ғана насихаттаңдар. Мұны естіген мұсылмандар:
– Үнсіз қалай насихат айтамыз, – дейді таңдана. Сонда Халифа:
– Көркем мінездерің арқылы дінді таратыңдар, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы