Сұрақ: Исламда жануарларға мейірімді болу жайында не айтылған?
Жауап: Жалпы адам баласы парасатты жан болғандықтан тек адамдарға емес, жануар атаулыға және өзін қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауы, жанашырлық танытуы міндетті.
Ал жануарларға келсек, мұсылман адам жануар атаулыға да мейірімді. Пайғамбар өзінің үмбетіне осыны өсиет еткен. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімінің кеңдігі сонша, ол тек адамдарға ғана емес, жануарларға да ерекше мейірімді еді. Оларға дұрыс қарауды сахабаларына да ескертіп отырды.
Мысалы, жануар көтере алмайтын жүкті оларға артуға, оларды жазалап, қол көтеруге тыйым салатын. Әрі жануарға ауыр тиетін түрлі нәрселерді жасауды құп көрмейтін.
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні бір жануарды кезіктірді. Әлгі жануардың иесі оның бетіне таңба қойған болатын. Таңба жаңа басылғандықтан бейшара жануардың мұрнынан түтін шығып жатты. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сол кезде осыған дейін мүлде жасамаған бір нәрсе істеді. Әлгі жануарды осындай халге түсірген иесіне қарғыс айтты. Одан соң жануарлардың бетіне таңба салуға тыйым салды (Мүслім).
Келесі риуаяттан да пайғамбарың жануарға деген мейірімін көруге болады: Бір адам бауыздайтын жануарын жерге жатқызып, көзінше пышағын қайрап жатты. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл нәрсені көрді де, қатты қынжылды. Одан соң әлгі адамға бұл ісінің қаншалықты бұрыс екенін былайша түсіндірді:
«Оны екі рет өлтірмекшімісің? Пышағыңды оны жерге жатқызбас бұрын қайрасаң болмас пе еді?!» (Табарани).
Жануарға мейірімді болған адам, оларды жаратқанның мейіріміне ие болады. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
«Алла Тағала шөлдеген итке су берген мейірімді құлына жұмақ нәсіп етеді; ал мысығын аштан өлгенше қамап қойған мейірімсіз әйелді тозақтық қылады» (Бұһари).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Жалпы адам баласы парасатты жан болғандықтан тек адамдарға емес, жануар атаулыға және өзін қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауы керек.
Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік болмаса, күллі әлем мағынасыз маңып, хаос белең алар еді. Өйткені, ғаламдағы барлық нәрсе мейіріммен жаратылған, мейірім саясында белгілі бір тәртіп пен үйлесім арқылы мән табады.
Дінімізде мысықты қамап ұстап, аштан қатырған әйелдің қылығы оны тозаққа жетелегенін, хайуандарды тірідей нысана қылып, қарақшыға тіккендерге, малдың маңдайына таңба басқандарға қарғыс айтылатынын ескертіп, тілсіз хайуандарға жақсы қарауды міндеттейді.
Кез келген зияны жоқ жәндіктің көзін жоюға, өлтіруге тыйым салынған. Тек зияны тиген жағдайда ғана өлтіруге рұқсат етілген. Ислам діні тек жақсылыққа бастаушы.
Жалпы жер бетіндегі кез келген дәстүрлі дін тек жақсылыққа үндейді. Сондықтан әрбір дінді ұстанушы жан адамдар мен қатар жануарларға деген қатынасын түзеу қажет.
Адамзат жердегі жаратылыстардың ең ақылдысы болғандықтан жануарларға және өзін қоршаған табиғи ортаға мейіріммен қарап, жанының бір бөлшегіндей күтуі қажет.
Всем нам необходимо беречь братьев наших меньших. Они беззащитны и нельзя допускать к ним жестокое обращение, это грех.
Қайсыбір дінде болмасын жануарларға мейіріммен қарау керек екендігі айтылады. Дегенмен, қазіргі жағдайларға қарап қарның ашады. Жануарлар тұрмақ адамдарға аяусыздық танытып жатқан заманда өмір сүруге мәжбүрміз. Бұлай болмайды. Адам өзінің “адамдығын” сақтап қалуы үшін айналасындағы адамдарға,жануарларға қатынасын түзетуі қажет!
Кімге болмасын мейірімділікпен, жанашырлықпен қараған адам ешқашан опық жемейді. Сондықтан, ең алдымен бойымыздағы адами құндылығымызды тұншықтырып алмас үшін айналаға,тірі жандарға жақсы көзқараспен қарау маңызды болып саналады.
Тек исламда емес жалпы адамгершілік қасиеті бар адамның мейірімділігі өшпейд деп ойлайм, қазіргі таңда жануарлардан бұрын адамдарға неше түрлі қастандық жасап жатқан қатыгездер барғой.
Әрбір тіршілік иесі мейірім мен адамгершілікке зәру. Жануарларға мейірімді болған адам айналасына да,қоршаған ортаға да мейірім таныта алады
Ия жануарларға де ерекше мейірімділікпен қарау қажет тіпті бізге ол бұйырылған. Қазіргі таңда балалардың мысық, иттердің қандай азапқа салып жатқандарын көреміз. Недеген қатыгездік деп ойлаймын осының бәрі тәрбиеде. Жалпы баланы дұрыс діни тәрбиелесе нағыз азамат болып шығад деген ойдамын.
Жүрегінде мейірімі бар әрбір тұлға өзінен әлсізге әділетсіздік жасамас. Жануарлардан еш зиян келмесе де оларға қатыгездік көрсету тұлғалық деңгейдің төмендігін көрсетеді.