Сөздікте «түбір, негізгі, біреуден басқа біреуге берілген ескі мүлік мағынасында (уираса) сөзінен шыққан мирас (мұара), біреуінен екіншіге мұра болатын тепе-теңдік пайда болады. Сонымен қатар, «Біреуден екінші біреуге берілген нәрсені немесе қауымдастықтан басқасына өткізілген, біреуден қалған нәрсе және мұра болып қалған мүлік» мағыналарында қолданылады. Ислам фиқһ терминінде «ирс» немесе «миарс» қайтыс болған адамның артында қалған мүлкін белгілі қағидаларға сүйене отырып реттейтін ережелерді білдіреді.
Құран Кәрімде тұрақты меншік пен үстемдік Аллаға тиесілі екенін білдіретін екі аятта (Имран 3/180; Хадид 57/10) осы түбірден шыққан атаулар мен етістіктер сөздік жағынан да, мағынасы жағынан да осы сөзді қолданған. Ал, құқықтық қатынас тұрғысынан мұра, көптеген аяттарда айтылған. Пайғамбарымыздың хадистерінде де осыған ұқсас мағынада қолданылғаны жиі кездеседі.[1] Сонымен қатар, аңсарлар мен мұхажирлер және мұсылмандар өз арасында мұрагер болуын[2] және қыздар мен балдардың тең дәрежеде мұрадан алуы тоқтатылды. Бұған қоса некелі әйелдерінің мұрадан үлесін алуға рұқсат етілді. Жақын мұрасы бола тұра, алыс туысқандар мен жетімдер және кедейлердің мұрадан құқықтық тұрғысынан үлесі болмағанын білдіре келе оларды ренжітпеуді ұсынды.[3]
Жоғарыда айтылған Құран аяттарынан кейін мұрагерлік пен мұрадан пай алу туралы «Ниса» сүресінің 11-12 аяттарында мұраға қатысты барлық мәселелер толықтай берілген. Сонымен қатар, бақилық болған адамның мұрагері болмаған жағдайда қандай ереже қолданатыны туралы және алыс туысқан адамдар жайлы осы сүренің 176-аятында айтылған.
Құран аяттарынан және Пайғамбарымыз бақилық болған адамның артында қалған мұрасына қатысты айтқан хадистерін бір арнада жинап, иджағ және сахаба сөздерін негізге ала отырып, «Фараиз» ғылымын жазып шықты.[4]
Мұра – жеке адамды немесе тұтастай бір жанұяны қорғауға негізделген алғышарттар тұрғысынан талдағанда исламдағы мұраға қатысты тәсілдер, қазіргі заңнамалық актілерде қабылданған негізгі бағытқа жақын. Яғни, жанұяны қорғау жеке тұлғаны мұрагердің мұрасынан құр қалдырмау, қайтыс болғаннан кейін жанұясын қорғайтын мүлікті сақтап қала алмайтын түсінік ретінде қалыптасқан. Мұраға қатысты көптеген мемлекеттердің жергілікті қолданыстағы заңдары мен тәсілдері, ислам құқығындағы қолданған тәсілге өте жақын екені байқалады. Сондай ақ, Исламда мұра туралы қағидаларда мұрагерлер мен олардың үлестерін анықтаудың ерекше түсінігі мен әдісі бар. Осы мәселеге қатысты негізгі ережелерді келесідей тұжырымдауға болады.
Анасы мен әкесі ешқашан мұрадан ала алмайтыны және қайтыс болған адамның қызынан басқа ағасының баласы да мұрагер бола алатындығын ескере отырып, мұрагерлердің шеңбері осы құқықтық жүйесінде кеңірек алған деп айтуға болады.
Ең жақын мұрагерден бастап ең алыс мұрагерге дейін, дәрежесіне сай барлық мұрагерлер мүліктің үштен екісіне ие. Басқаша айтқанда, барлық мұрагерлер үшін үштен бір жинақтау мөлшерлемесі бар.
Мұра қалдырушы, мұрагерлеріне өсиет қалдыруына рұқсат етілмеген.
Мұрагері болмаған бір адамды мұрагер ретінде көрсете алмайтындай, мұрагерін мұрасынан мақрұм да ете алмайды. Бұндай болған жағдайда, өз мұрагері сырттан қосылған мұрагерді мұрадан мақрұм ете алады және өзіне тиесілі мұраны да алуға құқығы бар.
Мұрагер болу үшін өз қанынан болуы (бала-қыз), адал некелі (әйелі) және ата-анасы болуы шарт.
Некелі әйелімен некесінің бұзылмауы немесе иддет (күйеуі өлген немесе ажырасқан әйелдің үйінде белгілі бір уақыт болуы) уақытының аяқталмауы шарт қосылған.
Мұрагерліктің бірінші дәрежедегілер ерлі-зайыптылар, әке, ана, қыз, баласының қызы, өз әпке қарындасы, әкесі бір әпке қарындасы, анасы бір бауырлары, әкесі жағынан араға әйел кірмейтін аталары мен әжелері, араб тілінде мұндай адамдарға (Асһаьул Фараиз) дейді.
Бұл топқа кіретіндердің үлесі ең көбі 2/3 ең азы да 1/8 болып есептеледі. Басқа мұрагерлер 1/2 1/3, 1/4, және 1/6 деп бөлінеді.
Бақилық болған адамның мұрагерлері болмаған жағдайларды, мұраның барлығы мемлекет қазынасына беріледі.
Мұраның бөлінуі үшін, мұра қалдырушы бақилық болуы шарт, көзі тірісінде мұра бөлінбейді.
Мұра қалдыруы бақилық болған мезетте, мұрагердің тірі болуы шарт. Мұра қалдырушыдан бірінші бақилық болған жағдайда, мұрадан пай берілмейді. Екеуі де бір мезетте бақилық болса да, мұра ала алмайды.
Ана құрсағындағы шарана да мұрагер бола алады. Сау болып туылу шартымен. Өлі туылған жағдайда, оны есептен шығарып қайта пайлар бөлінеді.
Мұра алуынан қызғанып, қастандықпен ана қарнындағы шарана өлтірілген жағдайда, тірі болған деп мұрасы бөлінеді. Сонымен қатар, мұраға ерте қауышу мақсатында, мұра қалдырушының өліміне себепкер болған адамда мұра ала алмайды. Бақилық болған адамның артында қалған мүлікке араб тілінде «тарика» дейді.
Исатай Бердалиев
[1] (M. F. Abdülbâkī, el-Muʿcem, “vrş” md.; Wensinck, el-Muʿcem, “vrş” md.).
[2] (el-Enfâl 8/75; el-Ahzâb 33/6).
[3] (en-Nisâ 4/7-8).
[4] (bk. FERÂİZ).