Латын тіліндегі «disport» сөзбе-сөз аударғанда (көңілді уақыт өткізу, көңіл көтеру) мағынасын беретін бұл сөз, тілімізге қысқартылып «спорт» деп атал,ан. Қазақ тілінде спорт адамның физикалық және психикалық денсаулығын жақсартатын дене қимылдарын білдіреді және белгілі бір ережелер аясында жеке немесе ұжымдық түрде орындалады.
Араб тілінде спорт «рияза» терминін қолданады. «Риязәт» сөзінен шыққан бұл сөз «жылқы, есек және т.б.» жануарлардың балаларын қолға үйрету, нәпсі жаттығулары» сияқты мағыналар бар. Жануарларды серуендеуге, жарысуға және экспедицияға дайындау; тамақтану мен ішуді азайту арқылы құмарлық пен сезімталдық сезімдерін жеңу, денені жаттықтыру және денсаулықты жақсарту мақсатында белгілі қозғалыстарды білдіретін «риазет» сөзі спортқа қарағанда анағұрлым кең мағынада қолданылған. Риязет суфизмде әр түрлі мағынада қолданылса да, спорт түрін білдіру үшін «Әр-Риазату л-баданиа/жасадия» терминін қолданады. Спортқа қатысты араб тілінде «тәмрин» сөзі «бір нәрсені жұмсарту, адамды жұмыс істеуге дағдыландыру» дегенді білдіреді, ал «идман» дегеніміз «бір нәрсені жалғастыру, оны үнемі жасау» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, дене жаттығуларынан басқа да көңіл күйді көтеретін ойын және ойын-сауықты қамтитын кең ұғым.
Спорт – балалық шақ, көңіл көтеру, тәртіп пен жетілу арасындағы көпір іспеттес. Спорт балалардың дені сау болып жетілуінде және ересектер мен қарттардың тұрақты өмірінде маңызды рөл атқарады. Сол себепті, ежелгі дәуірден бастап спорт денені, жанды және ойды жетілдіруде көмекші әдіс болып саналды. Спортпен айналысу адамды физикалық тұрғыдан күшті болуға, оның ұтқырлығын арттыруға, кенеттен шешім қабылдау қабілетін дамытып, әдептілікке бағыттайды.
Құран Кәрімде Хз. Мұса туралы бір аятта Шұғайп Пайғамбардың қыздарының денесі физикалық жағынан мықты болған, олардың моральдық тұрғыдан сенімді адамдар екенін айта отырып, дене және моральдық дамудың маңыздылығына назар аударылды.[1]
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) спортқа қатысты ынталандырулары мен кеңестері хадис кітаптарында нақты көрсетілген. Мысалы; шаршау сезімін жою үшін, жылдам қарқынмен жүру ұсынылады.[2] Сондай-ақ, оқ ату, атқа міну, жүзу, жүгіру және күрес сияқты спорт түрлері де ынталандырады. Хз. Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде барлық мүмін қайырлы, алайда, мықты мүмін әлсіз мүміннен гөрі жақсырақ және Алла тарапынан да жақсы көріледі және мүміннің өзіне және өзгеге пайдасын тигізетін нәрселерде шыдамды болуын қалайды.[3] Бұл жерде күшті болу физикалық, ерік және байлық тұрғысынан түсіндіруге болады. Себебі, физикалық тұрғысынан мықты адам, жеке тұлға, дін және отан сияқты құндылықтарды жақсырақ қорғайды, жұмыстарын мұқият атқарып және ғибадаттарын қиналмай орындайды.
Спорттың маңызды артықшылықтарының бірі – жастарды жаман әдеттерден аулақ ұстау. Ислам діні ішімдік, құмар ойыны, есірткі және жезөкшелік сияқты зиянды әдеттерге тыйым салатындығын ескере отырып, осындай зияндардан қорғайтын функциясы бар спорттық іс-әрекеттерді діни тұрғыдан мақұлдау керек екендігі қарастырылған. Хз. Пайғамбарымыздың иманнан кейінгі ең жоғарғы қасиет ретінде көрсеткен адалдық қағидасы, спортқа да қатысты.[4] Бүгінгі таңда жекелеген спорт түрлерінің көбеюімен қатар, командалық ойындарда да көптеген қулықтар орын алып жатыр. Бұлардан допингті айтуға болады. Допингтің құрамында денсаулыққа зиянды заттың болғаны және әділдік болмағаны үшін әдепсіздік болып табылады. Бұндай іс әрекетті ислам мақұлдамайды.
Бүгінгі таңда спорттық әдептілікті ағылшын тілінде «әділ, әділ ойын» дегенді білдіретін «fair play» термині қолданылады. Бұл қағидаға сәйкес, спортшылар туралы сөз болғанда, бұлшық еттері күшті адам ғана емес, әдептілік ережелеріне бағынатын адам да ойға оралады. Әсіресе, бәсекеге қабілетті командалық ойындарда, қарсыласқа зиян келтіретін және төрешіні алдау әрекеттері спорт шеберлігіне сәйкес келмейтін амалдардан. Егер спорттық ереже басқа біреумен жарыс стилінде болса, ең жақсы ойыншының жеңімпаз болғанын қабылдау әдептілік пен әділеттілік. Жеңіске жеткен кезде мойындамау, ұтылған кезде қабылдамау, агрессивті көзқарас исламдық құндылықтарға да сәйкес келмейді.
Спорттық тәртіп адамды жан пидалыққа, шыдамдылыққа, ұстамдылыққа және бейтараптылыққа үйретеді. Егер адам бір ағаштың бұтағының шыңына жетсе де, ол жерде үнемі болу мүмкін емес. Осы себептен де, Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдыңғы жарыстарда жеңіске жеткен Адба есімді түйені, Бәдауидің түйесінің озып кеткеніне қайғырған Асхабына қарап, әр өсіп келе жатқан нәрсені кері орнына қайтару – Алланың заңы екенін айтқан.[5] Сондай-ақ, басқа бір хадисте ең күшті адам күресте қарсыласының иығын жерге тигізген адам емес, ашуланғанда ашуын баса алған адам екенін білдірген.[6]
Бұл спорттың маңызды артықшылықтарының бірі – жеке тұлғаларды, қоғамдастықтарды және халықтарды жақындастыратын белсенді қызмет саласы деуге негіз бар. Бұрын араб қоғамында тыйым салынған айларда, қақтығыстар тоқтатылып, әлеуметтік оқиғалар, мәдени және сауда байланыстары, сонымен қатар спорттық іс-шаралар көптеген тайпаларды біріктіретін. Бүгінгі Олимпиадаларда әлемнің түкпір-түкпірінен келген әр түрлі нәсілдер мен діндердің өкілдері ретінде қатысып жүрген спортшылар, халықаралық қатынастың жақсаруымен қатар, достығына да себеп болуға бағытталған. Екінші жағынан, спорт елдегі бөлінушілік пен деструктивті әрекеттер, саяси партияларға қарсы қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Спортпен шұғылданғанда немесе спорттық жеңісті тойлау кезінде қоршаған ортаға, табиғатқа және адам өміріне зиян келтірмеу, адамдарды мазаламау ислам үшін де, спорттық этика тұрғысынан да өте маңызды сәттер болып есептеледі. Қаруды спорттық құрал ретінде пайдалану үшін бірқатар міндеттер бар. Жарыс алаңына кірген кезде ешкімге алаңдамау керек, сабақ барысында басқаларға және қоршаған ортаға зиян келтірмеу керек, тірі заттар нысана ретінде пайдаланылмауы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жануарларды нысанаға алуға тыйым салады.
Абдулла б. Омар тауықты жебелерімен нысанаға алғандарды тоқтатып, бұл әрекетті Алла елшісі тарапынан қатаң түрде айыпталғанын жеткізген.[7]
Пайдалылығына қарай түрлі спорттық іс-шаралар діни тұрғыдан рұқсат етілген немесе етілмеген болып бөлінетін спорттық түрлері бар. Сонымен қатар, рұқсат етіліп, бірақ құмар ойынға айналдырылған ойындар да бар. Бүгінгі таңда футбол ойындары мен ат жарысы сияқты спорт түрлері құмар ойындарға жиі қолданылып жатады. Хадис кітаптарында, балалардың ойындарына дейін құмарға айналмауына назар аударады.[8] Екінші жағынан, спортпен шұғылданатын адамдар өз әдептілігін сақтап, спортты мақсатына сай жасамауы керек. Яғни, оны ұятсыздық пен әдепсіздікке айналдырмауы керек.[9]
Ежелгі замандағы адамдар табиғи қиын жағдайларда өмір сүрген. Онымен күресу, аң аулау үшін жылдам жүгіру, секіру және оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жекпе-жек күрес болған кезде, күшін тиімді пайдалану және көшпелі өмір салтының тапқырлығы міндетті болған. Сондықтан, күнделікті іс-шаралар спортпен тікелей байланысты өткен. Адамдар қалалы жерде өмір сүре бастағанда, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану маңызды бола бастаған әрі бұл білім саласының бір бөлшегіне айналып үлгерді.
Спорт туралы ең алғашқы ойлар ежелгі грек философтарына негізделген. Платонның мемлекеті және Аристотельдің саясатында анықтамалар жасалып әртүрлі ұсыныстар айтылған. Платонның айтуынша, жастар тәрбиесінде музыкадан кейін, дене шынықтыру келеді. Бұл істе де бала кезден бастап өмір бойы айналысуы керек.[10]
Ежелгі Грек әлемінде барлық спорттық іс-шаралар діни сипатта болды. Біздің заманымызға дейінгі 776 жылы Зевстің құрметіне ресми түрде басталған Олимпияда ойындарына қатысу қасиетті іс болып саналды. Сонымен бірге, бұл ойындарды қасиетті айда және қасиетті жерде, барлық қасиетті қаланың құдайларында, бейбітшілік деп аталатын келісіммен анықталған діни ойындар болды.
Қазіргі Олимпиада ойындарының бастауы болып саналатын көптеген нысандар, пұтқа табынушылардың ауласында өткізілетін. Бұлардан басқа төрт күн бойы стадионда, гимназияда және ипподромда жүгіру, ұзындыққа секіру, диск және найза лақтыру, бокс, күрес және көлік жарыстары секілді спорт салаларында жарыстар өтетін. Жарыстар жалаңаш күйінде өтетін болғандықтан, әйелдерге қарауға рұқсат етілмеді. Келесі кезеңдерде мұндай жарыс Иерусалимде, Рим мен Стамбул сияқты үлкен қалаларда өткізілген. Бірақ ойындар пұтқа табынушылық дәстүр ретінде, Израилдіктер тарапынан құпталмады. Христиан Рим императоры Теодосиос 393 жылға дейін жалғасқан ойындарды сол себептен алып тастады.
Ежелгі Египетте жерлеу бейіттерінің қабырғалары мен ғибадатханаларында кейбір спорт түрлері бейнеленген. Күрес, аң аулау, жүзу және доп ойындары сияқты спорттың кейбір салалары туралы ақпаратты Саккарадағы 4300 жылдық бейнелерден байқауға болады.[11] Ежелгі Месопотамияның бейнелеу өнері спорттық іс-шаралар туралы түсінік береді. Египеттің қабырға суреттерінде негізгі торлардан тұратын құстарды аулау және балық аулау басты назарға алынғанымен, Месопотамиялық рельефтерде арыстанды аулау басым болып келеді және садақ ату өте дамыған деңгейде екені байқалады. Қасиетті кітапта Хз. Жақыптың Израильдің атын шығарғаны туралы әңгімеде күрес туралы айтылған. Ал бұған кейбір ұқсастықтар жасалып, жанама түрде садақ ату және жүгіру туралы айтылған.[12]
Құран Кәрімде діни марапаттарға бәсекелес болу туралы аяттарда жүгіру туралы ұсыныс айтылған.[13] Хадис дереккөздерінде спорттық тақырыптағы жаңалықтарды табуға болады. Ибн Абу Шайба[14] мен Абу Даууд[15] бұған қатысты қосымша тақырыптар қарастырған. Бір риуаятта ардақты Пайғамбар (с.ғ.с) екі рет, Айшамен бәсекелес болғандығы айтылады. Біріншісінде ол күйеуін жеңді, ал екіншісінде ол жеңіп, оны салмақ қосумен байланыстырған.[16]
Сахабалар да бір-бірімен жарысатын болған. Асхабының арасында өте жақсы жүгіргендер болды. Тіпті, Әбу Бакас әл-Хусай жылқылардан озған деген сыбыс бар. Ат спорты ислам тарихында ерекше орынға ие болған, сондай-ақ бұл спорт туралы көптеген еңбектер жазылған. Өйткені Құранда аттарға серт берілгені,[17] оның маңыздылығы туралы көптеген хадистер жеткізілгенін байқауға болады. Алла елшісі өзінің басшылығында ат жарысын ұйымдастырып, түйе, ат және жебе ату жарысындағы жеңімпаздарды марапаттаған.[18] Ильму-нушшаб, илму-рәми сияқты атаулармен аулау және оқ ату маңызды спорт түрлерінің қатарына жатады. Діни әдебиеттерде Хз. Адам атадан бастап ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с) атасы Хз. Исмаилдің өте жақсы садақшы болғаны айтылады. Алла елшісі, жебенің арқасында үш адам жәннатқа кіреді дейді. Бұлар – оқ жасаушы, оқ жинаушы және садақшы. Демек, садақ атудың өзіндік маңызы бар. Осы себептен де, Осман империясында жебе алаңдарына дәретсіз кірмейтін болған.
Хадис көздеріндегі спорт түрлерінің бірі де күрес. Хз. Пайғамбар (с.ғ.с) Рукана б. Абдуезидпен күрескені туралы айтылған. Кейде сахабалар өз арасында ауыр атлетика жарысын өткізді. Абдуррәззақ әс-Санани бұл тақырыпта еңбегінде жеке бір бап ашты.[19] Суда жүзуді үйрену және балаларды үйрету де ынталандырады.
Ислам әдебиеттерінде садақ, ат жарысы т.б спортқа қатысты мәселелерді медицина туралы жазылған кітаптарға да енгізілген. Әбу Зайд Ахмәд б. Сәһл әл-Белхи өзінің «Мешалиһу л-әдаб уа л-әнфус» атты еңбегінде гигиена үшін қажетті спорттық іс-шаралар туралы айтады және спортты өз орнына сәйкес ең жақсы дәрі деп санайды.
Денсаулық үшін жаяу жүрудің маңыздылығына тоқталған Белхи, қоршаған ортаның өте жақсы спорт екенін көрсетеді. Өйткені спорт бүкіл дененің қозғалуына себепші.
Ибн Сина «әл-Канун фи т-Тиб» еңбегінде, спорттың мағынасын, мақсатын, пайдасын және түрлерін ерекше атап өтеді. Сонымен бірге ағзадағы және жас ерекшеліктеріне сәйкес жасалуы керек болған спортты және спорттан кейін шаршауды жеңілдетудің жолдары туралы айтады.[20] Денсаулыққа байланысты түрлі мәселелерді өлең жолдарымен жеткізген Ибн Сина «Әл-Уржуза фи т-Тиб» атты еңбегінде спорттық қозғалыстар туралы айтылғанын көреміз.[21]
Ескі түркі мәдениетінде спорт айрықша орынға ие болған, сондай-ақ атқа міну мен оқ ату, әсіресе соғысқа дайындық кезінде үлкен маңызға ие. Көктүрік кезеңінің бейнелерінде атпен жүру және ат ойындарына (көкпар) қатысты көріністер көптеп кездеседі.[22]
Исатай Бердалиев
[1] «Қассас» сүресі 26 аят.
[2] Мәждуддин Ибну л-Асир (ө. 606/1210), ән-Нихаиа, V-том, бет 118.
[3] Мүслим, «Кадар», 34.
[4] Мүслим, «Иман», 95.
[5] Бұхари, «Риқақ», 38.
[6] Бұхари, «Әдаб», 76.
[7] Бұхари, «Забаих», 25.
[8] Абдурразақ әс-Санаи, әл-Мушаннаф, Бәйрут 1403/1983, X-том, бет 467.
[9] Хаджи Мехмет Гунай, Ислам энциклопедиясы «Мусабақа» бабы.
[10] Платон, мемлекет, бет 146.
[11] Ахмад әд-Димирташ Туни, Тариху р-Риаза, бет 24-26, 112-120.
[12] Коринтусларға бірінші хат, 9/24-25.
[13] «Мумин» сүресі 61; «Хадид» сүресі 21; «Мутаффифин» сүресі 26 аят.
[14] Абдурразақ әс-Санаи, әл-Мушаннаф, Бәйрут 1403/1983, VI -том, бет 531.
[15] Әбу Дауд «Жихад», 68.
[16] Абдурразақ әс-Санаи, әл-Мушаннаф, Бәйрут 1403/1983, VI -том, бет 39, 264.
[17] «Ғадият» сүресі, 1-5 аттар.
[18] Абдурразақ әс-Санаи, әл-Мушаннаф, Бәйрут 1403/1983, II -том, бет 256, 358, 425.
[19] Абдурразақ әс-Санаи, әл-Мушаннаф, Бәйрут 1403/1983, XI -том, бет 444.
[20] Ибн Сина, әл-Канун фи т-Тиб, I-том, бет 211.
[21] Ибн Сина, Әл-Уржуза фи т-Тиб, бет 104, 158.
[22] Бахадин Өгел, Түкрі култур тарихы, I-том, беттер 33, 34, 35, 36, 37.