Сұрақ: Исламда Рибаға не үшін тыйым салынған?
Жауап: Ислам банкі жүйесінде Құранда айтылатын рибадан сақтану түсінігі басты орын алады. Рибаның тілдегі мағынасы – орынсыз өсу, молаю, өсімқорлық, пайыздық табыс. Ал ислам құқығында – қарызға ақша беру немесе тауар беріп, келісім жасау кезінде келісілген ақшаның немесе белгілі бір тауарлардың заңсыз өсуі. Риба да бір тарап ешбір еңбек шығынынсыз пайда табады.
Риба – шариғатта үлкен күнә болғандықтан Ислам банкінде қаржылық келісімнің бұл түріне тиым салынған. Рибаға толық тыйым салу тарихы пайғамбардың өмірінде болған оқиғамен байланысты. Меккелік Муғирит тайпасының өкілдері мен Таифтік Бану Сақиф тайпасы арасында ертедегі пайызды төлемеуіне байланысты араздық туындайды. Меккенің әкімі бұл туралы жағдайды пайғамбарға келіп баяндайды. Сонда «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және мүмін болсаңдар, өсімнен қалғанды тастаңдар (алмаңдар)», деген «Бақара» сүресінің 287-аяты түседі.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ