Сұрақ: Исламда қалжыңға орын бар ма?
Жауап: Ислам тархында пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабалармен әзілдескен сәттері бізге үлкен ғибрат береді. Солардың бірі, мұсылмандар бір-бірімен достық, сүйіспеншілік және сыйластық қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. Достар өзара әзілдесетіні және ойнап-күлетіні белгілі. Сол сияқты пайғамбар да (с.ғ.с.) сахабаларымен әзілдескен.
Мысалы, бір күні сахаба пайғамбарға (с.ғ.с.):
– Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Мен түйеге отырғым келеді, – дейді. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.):
– Саған тек ботаны ғана лайық көріп тұрмын, – деп ойын айтады. Әлгі сахаба ренжіген сыңай танытып, теріс қарап кете барады. Оны пайғамбар (с.ғ.с.) қайта шақырып, күлімсіреген хәлде:
– Түйе түйеден басқаны боталай ма? – дейді (яғни, түйенің ботасы да түйе емес пе?). Сөйтіп, ол кісіге өзінің жай әзілдегенін білдіреді.
Әрине, пайғамбардың (с.ғ.с.) күлкісі мұсылмандар үшін үлгі. Ол кісі күлген уақытта біреуді кемсітпеді немесе мазақ етпеді, яки болмаса мазмұнсыз күлмеген.
Сол сияқты Абдулла ибн Масуд (р.ғ.): «Жүректерді демалдырыңдар, өйткені жүректер зорықса соқыр болып қалады», – деген.
Дегенмен, ислам мұсылманды пайғамбар (с.ғ.с.) сияқты демалыс, қуаныш, шаттық пен әзіл уақыттарында орташа, шектен шықпай әзілдеуге щақырады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ