Сұрақ: Исламда негізі қайыршылыққа рұқсат берілген бе?
Жауап: Исламда негізі қайыршылыққа рұқсат берілмеген. Мұның тек бір ғана рұқсаты бар. Бір адамның жұмысқа қауқары қалмағанда, әл-қуаты қалмай зәру қажеттіліктерін қаматамасыз ете алмаған уақытта ғана мүмкіндік берілген. Бұл жағдайда қайыршылық бір табыс көзі емес, зәрулік жағдайындағы шектеулі бір рұқсат.
Құранда да қайыршылық туралы адамның адамдық қасиетіне сай келмейтін бір ұстаным ретінде қарастырған. (Бақара, 2/273). Алайда қажеттілікке байланысты сұрағанның байлардың малынан белгілі бір ақысы бар екендігін айтқан. (Зарият, 51/19; Мәәариж, 70/25).
Хазірет Пайғамбарға (с.ғ.с.) “сұрағанға жекіме!” (Дұха, 93/10) деген. Басқа бір аятта болса игі бір мүміннің қасиеттерінің арасында мұқтаждығынан сұрағанға малынан беру керектігі айтылған. (Бақара, 2/177).
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) жаңадан мұсылман болған біреулерден Алланың бірлігіне сеніп, Аллаға құлшылық жасауын және намаз оқумен қатар қайыршылық жасамайтынына байланысты уәде алған. (Мүслім, Зекет, 108; Ибн Мәже, Жиішд, 4; ӘбуДауыд, Зекет, 27).
Хадистерде де ар, намысын сақтаған кедей мен жоқшылығын пайда көріп, қайыршылануды табыс көзі ретінде қараған адамдардың арасындағы айырмашылықты көрсеткен (Муслім. Зекет, 102), қол еңбегімен күнін көруге шамасы жете тұра қайыр сұрайтын, әсіресе дүние жинау үшін алақан жайғандар негізі тозақ отын сұрайтындығынан хабар берген (Мүслім, Зекет, 105).
Олардың дүниеде бетсіздік танытып, қайыршы кейіптеріне жауап ретінде ақыретте бет терісі шешіліп, Алланың құзырына шығатынын айтқан. (Бұхари, Зекет, 52; Мүслім. Зекет, 103, 104).
Адамдармен қоса бүкіл жаратылыстардың ризығы Алла тарапынан берілетінінен хабары бар еш мұсылман қайыр сұрамайды, сұрамауы да керек.
Қазір қалада қол-аяғы балғадай жігіттердің өзі тиын-тебен сұрап жүреді. Бұл да қайыршылық қой. Осы мақаланы көрсетіп алу керек еді оларға да