Сұрақ: Исламда халал мен харам жайында не айтылған?
Жауап: Дәстүрлі Ислам – мейірімділік пен кеңшілік діні. Алла Тағала халал мен харамды ажыратып берген. Халал аста береке болса, харам аста береке болмайды. Мұсылман адам ризқ мәселесінде адал жолмен еңбек еткені қайырлы. «Бақара» сүресінің 29-аятында: «Алла жер бетіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты», «Мүминун» сүресінің 51-аятында: «Әй, пайғамбарлар, таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», «Бақара» сүресінің 172-аятында «Әй, мүміндер, сендерге ризық ретінде бергенімнің тазасынан жеңдер», деген мазмұнда аяттар өте көп.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Әй, адамдар! Алла Тағала кіршіксіз таза, сондықтан таза еместі қабыл алмайды. Алла пайғамбарларға бұйырғанын мүміндерге де бұйырған». Қазақ қоғамында ақсақалдар әрдайым жұртты тазалық пен адалдыққа, харамнан бойды аулақ ұстап ар мен намысты ту еткен.
Икрам АЙТАЕВ