«Нүтфәһтан» (болмашы сұйықтық) жаратылады
Қасиетті Құран Кәрімде адамзаттың «نُطْفَة» (нүтфәһтан) жаратылғаны жайлы ең аз дегенде 11 рет айтылады. «Нутфаһ» араб тілінен аударғанда «болмашы сұйықтық», «ыдыстағы сұйықтықты төккенде қалған бір тамшы сарқын» деген мағыналарды білдіреді. Бұл туралы қасиетті Құранда:
«…Әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан, тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық…» (Құран, «Хаж» сүресі. 22: 5 аят).
«Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. (13)» (Құран, «Мүминун» сүресі. 23: 13 аят)
Бүгінгі таңдағы ғылым шамамен 30,000,000 аталық ұрықтың ішінен ұрықтануға бір ғана ұрық қатысады. Бұл атылық ұрықтың небәрі 0.00003%-нің ғана ұрықтану орайы бар деген сөз. Демек, адамзат шын мәнінде «болмаш ғана» тамшыдан жаратылады деген сөз.
«سُلَلَة» (Сүләләһ)-сүйық жәуһәр
«Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты». (Құран. «Сәждә» сүресі. 32:8-аят)
Араб тілінде «سُلَلَة» (Сүләләһ) сөзі «жауһар, шұрай, мәйек» немесе «бір тұтас нәрсенің ең жақсы бөлігін» деген мағыналарды білдіреді.
Біздің білгеніміздей ер адамнан неше ондаған миллион ұрық клеткасының ішінен бір ғана аталық ұрық клеткасы жатырдағы аналық ұрықпен қосылып дамиды. Міне осы бір ғана ұрық клеткасы нағыз «жауһар» емес пе? Ал, аналық ұрықтан да неше жүз миллиондаған аналық ұрық клеткасының ішінен біреуі ғана аталық ұрықпен ұрықтанады. Бұл бір ғана аналық клетка нағыз «жауһар» болмай ма? (аналық ұрықтың ішіндегі сүләәләһ емес пе?)
Бұл сөздің жоғарыдағыдан басқа «әкелуші» деген мағынаны да береді. Міне, жалғыз тал аталық ұрық клеткасы ер адамның шауһатын әйелдің аналық ұрығы бар өрбу сұйықтығына бастап келеді. Ұрықтану барысы аяқталғаннан кейін аталық ұрық болсын, аналық ұрық болсын біртіндеп әуелгі сұйық заттан ажырап шығады.
نُطْفَةٍ أَمْشَاج (нүтфатин әмшәәж) –Біріккен тамшы
«Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық…». («Инсан» сүресі, 76:2 аят)
«نُطْفَةٍ أَمْشَاج» сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы «біріккен тамшы» «араласқан сұйықтық» мағынасын береді. Құранның тәпсірінде түсіндірме жасап «біріккен тамшылар» аталық ұрық пен аналық ұрықты меңзейді делінген. Аталық және аналық ұрықтары араласқанда тек қана нүтфәһтары ғана ұрықтанады.
Біріккен тамшы тағы шауһатты да меңзейді. Өйткені, шауһат көп түрлі безден бөлініп шыққан сұйықтықтан жинақталып, қалыптасады.
Осыған байланысты нүтфәтин әмшәәж да біріккен болмашы сұйықтық. Ер-әйелдікінен біріккен ұрық (ұрық сұйықтығы немесе біріккен жасуша) және соның төңірегіне жиналатын ұрық жасушалары.
ЖЫНЫС ПАРҚЫН БЕЛГІЛЕУ
Іштегі нәрестенің жынысының қалыптасуы аталық ұрыққа байланысты. Жыныстық хромосома 23 жұп хормосомадан құралады да, ХХ немесе ХҮ болып іштегі нәрестенің жынысын белгілеуге қатысады.
Аналық ұрықта қашан да Х хромосомасы болады. Ал аналық ұрық аталық ұрыққа жолыққаннан кейін, аталық ұрықтың құрамындағы мәйек Х хромосомасы болса бұл жұп хромосома ХХ болып, нәресте қыз болады, егер аталық ұрықтағы мәйек Ү хромосомасы болса, бұл жұп хромосома ХҮ болып, нәресте ұл бала болмақ.
«Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. Тамызылған бір тамшы “мәни” суынан.» («Нәжм» сүресі, 45-46 аяттар)
«Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.» («Қиямә» сүресі, 37-39 аяттар)
Бұл Құран аяттарынан нәрестенің жынысы ер адамның спермасына байланысты екенін айқын білуге болады.
Индия түбегінде қайын енелер үнемі немерелерінің қыз емес, ұл болуын армандайтын, осыған байланысты келіндері қыз тапса, олар үнеміз келіндерін жазғыратын.
Олар туылған баланың ұл не қыз болуын ерлердің спермасы белгілейтіндігін білсе ғой! Егер біреуді жазғыру керек болса, келіндерін емес ұлдарын жазғырар еді ғой. Бұл біздің қазақтардың ішінде де кездесіп жататын құбылыс.
НӘРЕСТЕ ҮШ ҚАБАТ ҚАРАҢҒЫЛЫҚПЕН ҚОРҒАЛАДЫ
«Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты.» («Зүмәр» сүресі, 6 аят)
Кис Моурдың түсіндіруі бойынша, бұл үш қараңғылық мынау:
- Ананың құрсағы (қарны)
- Жатыр.
- Нәрестенің шаранасы.
Профессорды таң қалдырған ғылыми шындық бізді де ойландырмай қоймасы анық. Құран мен хадисті күстәналаушылардың алдына тартылған қуатты дәлелдер, әрбір пенде үшін әлемде тіршілік ететін қандай да бір мақұлықтың жаратылысы Ұлы да, Құдретті Алла Тағаланың шеберлігімен, Хикіметімен жасалғанын түсіндірсе керек.
(Жалғасы бар)
Оразбек САПАРХАН