Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Алла Тағала Құранда: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят),–деп бұйырған. Құран Кәрімнің алты жүзден астам жерінде білім жайлы айтылған. Алла Тағала «Бір нәрсені білмесеңдер ілім иелерінен сұраңдар» деп бұйырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Ілім алу әрбір мұсыман ер мен әйел кісіге парыз», – деген. Мұсылман адам жан-жақты болуы тиіс.
Білімсіз адам дүниеге беріліп, надан бола бастайды. Олардың бойында өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттері шыға бастайды. Оған қарсы тұра алатын бір ақ нәрсе бар, ол – пайдалы білім. Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы.