Бүгін Талдықорған қаласында “Ислам – ынтымақ пен бірлік діні” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Оған Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және онлайн режимде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров қатысты.
Іс-шарада исламның рухани құндылықтарды дамытудағы маңызды рөлі атап өтілді. Министр А. Умаров өз сөзінде дін саласындағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікірімен бөлісті. Мүфтияттың қызметі жөнінде, оның ішінде елдегі діндар азаматтар арасындағы ағартушылық жұмыстар жүргізуге қатысты өзінің ұсынысын жеткізді.
Бұған қоса, министр әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдағы радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударды.
Конференция қорытындысы бойынша тараптар мемлекет пен ҚМДБ арасында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.