Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Мұхаммед ибн Сауд ислам университетінде театр және кинематография факультеті жұмысын бастады. Ол жерде саудиялық мәдениет негізінде киноиндустрия мен театр мамандары даярланбақ.
Бұл факультет жуырда ислам университетінің кең көлемді жаңаруы негізінде ашылып отыр. Бұдан бөлек, оқу орнында киберқауіпсіздік бағыты, балаларды ерте жастан тәрбиелеу, психиатрия және радиология мамандықтары да пайда болды.