Сұрақ: Ислам қатыгездікке шақыра ма?
Жауап: Исламның басты мақстаттарының бірі – адамды мейірімге, жұмсақтыққа тәрбиелеу. Сол үшін дін адамның жан-дүниесін тәрбиелеу арқылы кемелдікке жетелейді. Біз Абай сынды даналардан естіп жүрген «кемел адам», «толық адам» сияқты ұғымдар осыдан бастау алады. Осындай рухани тәрбиені насихаттайтын дін қалайша қатәгездәкпен дос болмы? Екеуі екі бөлек дүниелер.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларымен тек жүмсақ мәміле жасағаны сияқты үмбетіне де соны үлгі етті. Тіпті майдан алаңында да мәйіттерге құрмет көрсетге, ал тірі адамдарға мейірімді болуға шақырған.
Мысалы, Хайбар қақтығыстарының бірінде Сафия бин Хурей және оның жиені тұтқынға түседі. Біләл бұл екеуін соғыста қаза тапқан адамдардың мәйіттері жатқан жермен пайғамбарға алып келеді. Өлі денелерді көрген жас қыз, құсқысы келіп, ауызын жабады. Мұны көрген пайғамбар: «Ей, Біләл! Сенің бойыңдағы адамға жанашырлық қасиетің қайда кеткен. Мына қыздарды мәйіттердің арасымен алып келгенің не?!» – деп наразылығын білдіреді. Сонда сасқалақтап қалған Біләл: «Уа, Алланың елшісі! Мен сіздің бұлай көңіл бөлетініңізді білмедім», – деп қылығы үшін ақталады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ