14 ғасырда Сатұқ Бұғраханның Караханлылар мемлекетін құруымен Ислам өзінің аймақтағы дамуының шыңына жетті. Яғни, Исламның Қазақстан аумағында мың жылдық тарихы бар. Сол кездерден бастап Мәуераннахр ғылым мен мәдениеттің орталығына айнала бастады. Тарихи және жергілікті салт-дәстүрлерге бейімделген жергілікті ерекшеліктер мықтылығын сақтай отырып Исламның негіздерінің ішінде өзінің орнын сақтады.
Ислам түсінігінің Орта Азия даласында көшпенді өмір сүрген түркі халықтарының арасында қалыптасуында ғылым және сауда-экономикалық орталық ретінде Мауараннахр ерекше маңызы орын алады.
Исламның таралуымен бірге мықты бір ғылым мен мәдени қозғалыстардың нәтижесінде Орталық Азия мыңнан астам ғұламалар шығарған даңғаза ғылым ордасына айналды.
Юсуф Хаж Хажиб Баласағұни (470/1077), Ахмет Ясауи (562/1166), әл-Фараби, (339/950), Сығанақи (711/1311) секілді үлкен ғұламалар мен Қарнақ, Яссы, Тараз, Ақмола медреселері мұсылмандықтың бізге қалдырған тамаша мұралары.
Караханидтер және Ғазнауидтер билігі кезеңінде түркілер ислам ғылымы мен білімі, ислам мәдениетінің қалыптасуына ерекше үлес қосты.
Караханидтер билігі кезінде құрылған медреселерде дін ғылымдарымен қатар, филология, логика, математика, астрономия, медицина және философия секілді ғылым салалары оқытылды.
Хорезм, Бұхара, Самарқанд және Ферғана, Насаф, Журжан секілді қалалар аз уақытта исламдық білім орталықтары сипатына ие болды.
Исламмен бірге түркі жұрты қаламды қылыштың орнына пайдалану керек екенін түсінді.
Ислам әлемі Фараби, Бируни, ибн Сина секілді данышпандардың арқасында өркениет тарихында өзінің лайықты орнын ала білді.
Шығыс пен Батыста Аристотельден кейінгі екінші ұстаз болып саналатын Фараби философия, логика, метафизика, рационалды психология, ахлақ және саясат салаларында 200-ге жуық еңбек жазды. Адамзаттың ортақ құндылығы болған философияны Грек мәдениетінің ықпалынан құтқара отырып, ислам ойлау жүйесінде жаңа бір қарқын әкелді және қайта тірілтті.
Философ және дәрігер ретінде танылған ибн Сина орта ғасырда медицинаға көптеген жаңалықтар әкелген «ал-Канун фи-т-Тыбб» атты еңбек жазды. Осы медицина энциклопедиясы ретінде де танымал болған 5 томдық еңбек 600 жыл бойынша әлемнің барлық бұрышында ең маңызды қайнар кітап ретінде оқытылды.
Орта Азиялық ғалымдар астрономия және математика ғылымына да маңызды үлес қосты. 9 ғасырдың танымал ғалымы Ахмет ал-Ферғани астрономия ғылымының негізін қалаушылардан.
Батыс әлемі оны Алфраганус ретінде және астрономия ғылымына қосқан үлестерімен естерінде сақтады. Ферғанидің астрономияға қатысты жазған «Cevami` `Ilmi`n-Nucum ua Usul al-Harkat al-Samaviye» атты кітабы 12 ғасырдан бастап 15 ғасырға дейін Латын, Француз, Грек және Италия тілдеріне аударылды.
Ислам ғылымы тарихында астрономия және математика саласындағы тапқыштығымен әйгілі болған ғалымдардың бірі де Әбу Абдулла Мухаммад бин Муса ал-Хорезми (850) болып табылды. Математика, астрономия, география саласында бүгінгі күні де маңызын жоғалтпаған маңызды дүниелер жазып қалдырған.
Шығыс пен Батыс оны «ал-Жабр уа ал-Мукабала» атты еңбегімен таныды. Осы еңбекте 800-ден астам алгебра сұрақтарын қамтып олардың жауаптары беріледі. Хорезмидің ислам мәдениетіне ең көп үлес қосқан саласының бірі география ғылымы.
«Суратул-Арз» атты еңбегі осы тақырыпта жазылған алғашқы дүниесі. Бұл кітапта 69 ғұламаның бірлесе зерттеп жасалған әлем картасы бар. Осы карта ислам әлеміндегі жер жүзінің және аспан әлемінің карталарының алғашқысы. Италиялық математик Геролома Гардано (1544-1624) Хорезмиді «әлемнің ең ұлы он екі ойшылы» ішіне қосады.
Ғылым әлемінде астрономия мен математикамен бірге көптеген ғылым саласындағы жетістіктерімен танымал болған, түркі жұртының мақтан тұтар тұлғаларының бірі де Бируни (973-1048) болып табылады.
100-ден астам еңбектерінің 95-і астрономия, математика және география саласымен байланысты. Ғылым тарихшысы Джордж Сартон Бируниді «философия, математика және география саласында барлық дәуірдің ең ұлы ғалымы» ретінде бағалайды.
Қорыта келе, Орта Азиядағы түркі жұрты ислам дінін қабылдай отырып, өзінің тарихында түп-тамырымен үлкен бір мәдени өзгеріске бет бұрды. Исламның Орталық Азиядағы ғылыми және мәдени фундаментінің мың екі жүз жылдық тарихы біздің ең мықты мұрамыз.
Ортаға шыққан діни, мәдени, саяси және қоғамдық салалардағы өзгерістер әлемде бүгінгі күнге дейін маңызды рөл ойнап келеді.
Бірақ сол мұраларды зерттеуге мұршамыз жетпей жүргені және қажетті назар аудармай жатқанымыз кемшілігіміз. Сондықтан, әлемдік өркениет көшінен кейін қалып кетпеу үшін өткенімізге терең үңіліп тиісті қорытындылар шығаруымыз керек.
Балғабек Мырзаев