«Маған Жәбірейіл (ғаләйһис-саләм) келiп былай деді:
«Уа, Мұхаммед! Ислам он жебе тәрiздi. Сол он жебесi болмаған сәтсiздiкке ұшырайды.
Бiрiншiсi – Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ деп куәлiк беру.
Екiншiсi – намаз, ал намаз дегенiмiз – тазалық.
Үшiншiсi – зекет, ол – қайырымдылық.
Төртiншiсi – ораза, ол – тозақ отынан қалқан.
Бесiншiсi – қажылық, ол – АллаТағаланың заңын орындау.
Алтыншысы – жиһад, ол – күпiрлiкке қарсы күрес.
Жетiншiсi – жақсылыққа үндеу, ол – мiндеттi орындау.
Сегiзiншiсi – жамандықтан қайтару, ол – сенiң мұсылмандығыңа дәлел.
Тоғызыншысы – жамағаттан бөлiнбеу, ол – ынтымақтылық.
Оныншысы – Алла Тағаланың әмiрiне бойсұну, ол – Алла Тағаланың қамқорлығы».
Хадистi Әнас ибн Маликтен (родиял-лаһу ғанһу) Әбу Нуғайм ибн Ахмад Әл-Ғажәләни риуаят еттi.[1]
@hadis_sharip парақшасына жазылыңыздар!
[1]كنز العمال للمتقي الهندي، الفصل الأول: في حقيقة الإيمان، الحديث رقم 31