Сұрақ: Ислам мен радикалды ағымның аражігі қандай?
Жауап: Ислам – көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай бір шаңырақ астына біріктірген әлемдік дәстүрлі дін. Радикалды діни ағымдар – таза саяси экстремистік, фундаменталистік жоба. Олар қазіргі заманғы өмірдің мәселелерін шешуде қисынсыз ортағасырлық тәсілді пайдалануды қолдайды. Сондай-ақ басқа конфессияларға деген зорлық-зомбылықты қолдау, әйелдер құқығын аяққа таптау, күш қолдану арқылы билікке жету әдісін насихаттайды.
Демократиялық әрі зайырлы қоғамға деген қарсылығы шектен шыққан радикалды «исламистер» енді әйел мен еркек теңдігін, ар-ождан бостандығын, жаппай сауаттылықты теріске шығарып, сонымен олардың ортағасырлық мұсылмандықты жандандыруға деген талап талпыныстары байқалады.
Даниэль Пайпс, Тьерри Вольтон сынды белгілі саясаттанушы ғалымдар мұндай діни топтарға фашизм мен коммунизмнен кейінгі әлемге қауіпті үшінші идеология, дәстүрлі Исламның азғындау мен құлдырау формасы, ортодоксалды ислам қағидаларын жоққа шығарушы деп баға берген.
Икрам АЙТАЕВ