Оңтүстік аудандық әскери соты Дағыстан тұрғынын Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * террористік ұйымына қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы «Интерфаксқа» сілтеме жасап «Российская газета» интернет –порталы хабарлайды.
Тергеу 2020 жылдың ақпанында сол кезде Ставрополь өлкесінде болған ер адамның халықаралық террористік ұйымның басшысына ант бергенін анықтады.
Айыпталушы өзінің үндеуін ұялы телефонға жазып, оны мессенджер арқылы жіберген.
Сот бұл адамды Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Террористік ұйымға қатысу» бабы бойынша алғашқы екі жылын түрмеде өтей отырып, қатаң режимдегі түзеу колониясында 11 жылға бас бостандығынан айырды.
«Ислам мемлекеті» * — Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйым