Сұрақ: Ислам – мейірімділік діні ме?
Жауап: Ислам – тұрақтылық пен қауіпсіздік діні. Қазіргі таңда Исламды экстремизм мен терроризмге тең санау ең үлкен қиянат болып табылады. Мәселе дінде емес, адамда екенін ұққанымыз жөн. Дәстүрлі Ислам бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген.
Ислам діні зұлымдықты емес, бейбітшілікті қолдайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) барша зұлымдық түрлерінен қайтарып, өз кезегінде мұсылмандарды мейірімділік пен рақымдылыққа шақырған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінде: «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды»,. «Адамдарға мейірімділік танытпағандарға Алла да мейірімділік көрсетпейді» деген. Дәстүрлі Исламның мейірімге толы тағылымын білгеніміз абзал.
Икрам АЙТАЕВ