Бүкіләлемдік мұсылман ғұламалар ұйымы
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Бүкіләлемдік мұсылман ғұламалар ұйымы қазіргі таңда ИШИР деп танылған ұйымның ұстанымдары Мұхаммед Пайғамбар алып келген ислам дініне сәйкес келмейтінін айтқысы келеді. Бүгінде ИШИР-ден мұсылмандарға пайдасынан гөрі зиян шегіп жатқан жайы бар. Баршамыз тарихтан білетіндей, халифат астында өмір сүрген мұсылмандар қашанда бақыт пен қуанышқа кенеліп, өзге дін өкілдерімен тату өмір сүрген. Қазіргі жағдайға байланысты ғұламалар ұйымы ИШИР-ге қатысты төмендегідей тұжырым айтады:
- Расында, біз Мұхаммед Пайғамбар жолына сәйкес халифаттықты қашанда аңсап келеміз. Ол халифаттың өзіндік шарттары мен ережелері бар. Ұстанымдары толық ислам шариғатына сәйкес келуі керек.
- Халифат жарияланған елдің барлық ішкі де сыртқы мәселелері халықпен кеңесу арқылы шешімін табады. Өйткені, Құранда Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед, олармен (мұсылмандармен) кеңесіп, ақылдасып қадам жаса» деген. Керек десеңіз жаңа туылған нәрестенің емуі мен тамақтану мәселесі де кеңесу арқылы жүзеге асады.
Өкінішке қарай, қазіргі Ирак жеріндегі халифат өз дегендерін жүзеге асырып, басқа мұсылмандармен санаспастан жеке бағытта мемлекет құрып алған. Тіпті, бұл құрылған мемлекетті халифат деп айтуға да тіл бармайды.
- ИШИР қазіргі таңда бүкіл әлемді үрейлендіріп, халықтың назарын өзіне аударуда. Олардың ұстанған жолдары, әрекеттері мен шешімдері тек өздерінің көзқарасымен ғана жүзеге асады. Алайда, мұсылман үмбеті тұрғанда осындай бірбеткейлік әрекет қашанда құлдырауға алып келеді. Себебі, тарихтан белгілі ислам халифаты кезінде халықтың арасында қандай да үлкенді-кішілі мәселе туындаса оны ғұламалармен бірлесе отырып шешімін тауып отырғаны белгілі.
- Шынайы халифат халықтың татулығын көздеп бүлікке жол бермейді. Қазіргі ИШИР-дің жантүршігерлік әрекеті адамдар арасында өздеріне деген теріс көзқарасты қалыптастырып үлгерді. Бұдан сорақысы, ол тарих куә болған шынайы халифаттың бейнесін қара етіп көрсетіп отыр.
Аллам біздерге тура жол көрсетер ақыл бере гөр және адасудан сақта!
Ғұламалар ұйымының Бас хатшысы Али Мұхиддин әл-Қарһадағи