Сұрақ: Адамның жасап қойған кейбір күнәларына байланысты ине қолдану арқылы жыныстық сезімдерін өшіріп тастауына бола ма?
Жауап: «Жыныстық адам әрекетін бақылайтын ең басты факторлардың бірі болып саналады. Әр жыныс, қарсы жыныстағы адамға міндетті түрде қызығушылық танытады. (Али Имран, 3/14; Юсуф, 12/23-24-30-32-33).
Осы себеппен адам табиғаты жыныстық өмірге байланысты жан рахаты мен қанағаты, ұрпақтың жалғасуы секілді көптеген талап пен тілектердің қанағаттандырылуына әсер ететін іс әрекетке негіз болады.
Ислам діні адам жаратылысының қажетсінетін осы жыныстық қажеттілік пен құмарының қануын табиғи түрде қабылдап, осы мәселеде тұлға мен қоғамның тыныштығы, салауатты өмір салты үшін көптеген шаралар қолданған.
Осыған орай Исламда жыныстық талаптың адамды заңға бағынбас қитұрқылыққа да бармауын немесе қандай да бір мақсатпен жыныстық сезімін жоғалтуды да құптамаған.
Алайда адамның басқаларға тигізер залалының алдын алу мақсатымен жыныстық күшті азайту немесе уақытша болсын тоқтатуға рұқсат беріледі.