Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғамдасып өмір сүрудің көптеген пайдаларымен қатар, өзіндік кейбір түйіткілдері де жоқ емес. Өйткені, адам табиғаты һәм жақсылық, һәм жамандық жасауға бейім. Адамдардың ішінде кейбіреулері өз жауапкершіліктерін сезінсе, енді біреулері оның парқына бара алмай жатады. Қоғамда елдің мазасын қашырып, бұзақылық жасайтын, өзімдікі ғана жөн деп, өзгеге тізесін батыратын адамдар қашан да бола келген. Осындай озбырлардың сорақылығы, заңбұзушылығы мен жүгенсіздігін ретке келтіріп, қоғамда тәртіп пен тыныштық орнату үшін Жаратқан Жаппар Ие пайғамбарлары арқылы о бастан арнайы құқықтық әрі моральдық қағидаларды белгілеп беріп отырған. Әлбетте, ең соңғы жіберілген, қияметке дейін үкімі жалғасатын Ислам дінінде де осындай үкімдер мен қағидаттардың болуы – заңды құбылыс. Ислам шариғатының негізгі мақсатын былайша түйіндей кетуге болады:
Ислам діні күллі адамзатқа рақым ретінде жіберілген. Осыған қатысты Құран кәрімде: وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ«Біз сені күллі ғаламға тек рақым ретінде жібердік»[1] және адамдарға қарата: يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءتْكُم مَّوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَشِفَاء لِّمَا فِي الصُّدُورِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ
«Әй, адамдар! Сендерге раббыларыңнан насихат, жүректерге шипа, мұсылмандар үшін тура жол әрі рақым келді»[2] делінген. Сондықтан да Ислам дінінің үкімдері мына үш негізді орнықтыруға бағытталған:
1) Жеке тұлғаны мінез-құлқы мен тәрбие тұрғысынан жетілдіріп, кемелдендіру. Осылайша, ол қоғамда жамандықтан аулақ, жақсылықтың қайнарына айналады. Ол өз кезегінде Аллаһ тағаланың бұйырған құлшылықтарының арқасында жүзеге асады. Құлшылықтардың түпкі мақсаты – адамның рухани тәрбиесін жақсартып, қоғамда ізгілікті орнықтыру. Құлшылық адам жүрегіндегі қызғаншақтық пен көреалмаушылық секілді рухани кеселдерді емдеп, сауықтырады. Осының нәтижесінде мұсылман адам өзгелерді жақсы көріп дос тұтады да, қоғамда жаманшылық пен әділетсіздік жойылады. Сондықтан Жаратқан иеміз:
إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ
«Шын мәнінде намаз жаманшылық пен арсыздықтан тыяды. Аллаһты еске алу – ең үлкен құлшылық»[3] деген. Иә, намаз шынында да адамдардың басын қосу арқылы жеке әрі қоғамдық бірлікті қамтамасыз етеді. Ораза да, қажылық та сол секілді. Адамдарды қоғамдық тұрғыдан ретке келтіріп, жүйелеудің мәнін қажылық кезінде анық көруге болады. Ал зекет – бай мен кедейдің арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан да Пайғамбарымыз өзі тағайындаған әкімінің біріне: «Зекетті байлардан алып кедейлерге бер» [4], – деген-ді.
2) Мұсылман қоғамында әділеттілікті орнату. Бұл мұсылмандардың өзара қарым-қатынасымен қатар олардың өзге дін өкілдерімен де қарым- қатынасында көрініс табады. Өйткені, Құранда бұл мәселе:
وَلاَ يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَآنُ قَوْمٍ عَلَى أَلاَّ تَعْدِلُواْ اعْدِلُواْ هُوَ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَى
«Бір елге деген жек көрушіліктерің сендерді әділетсіздікке ұрындырмасын. Әділетті болыңдар, бұл тақуалыққа жақынырақ»[5],– деп айқын көрсетілген. Исламда әділдік ең жоғарғы мақсат болып табылады. Оның барлық бұйрықтары мен үкімдері әділдікті орнатуды мақсат тұтады. Адамдардың бір-бірінде ақысы бар екенін білдіре отырып, мұсылмандардың сот және куәгерлік істерінде өзгелерге әділетті болуын бұйырады. Мұны ардақты елші (с.а.с.) өз сөзінде: «Адамдардың сенімен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, сен де оларға дәл солай жаса»,– деп, шегелеп тұрып айтып кеткен.
Ислам діні қоғамда әділдік орнатуды көздегендіктен заң мен сот алдында барлық адамдарды тең санап, адамды бай-кедей деп бөле жармаған. Исламда біреуі екіншісінен үстем тұратын тап өкілдері жоқ. Ислам бойынша күшті өзінен өзгелердің ақысы алынғанға дейін әлсіз, ал әлсіз өзгелерден өз ақысын алғанға дейін күшті боп саналады. Адамдардың барлығы да топырақтан жаратылып, түр-түс пен тек арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Заң алдында барлығы тең. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Барлығың Адамнан тарадыңдар, ал адам топырақтан жаратылды»[6] және «Арабтың араб еместен ешқандай да артықшылығы жоқ. Артықшылық тек қана тақуалықта»[7],– деп, осы мәселені ұқтырған. Аллаһ тағала да:
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوباً وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ
«Әй, адамдар! Біз сендерді бір еркек пен әйелден жараттық. Бір-бірлеріңмен танысып-біліссін деп түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Шын мәнінде, Аллаһ алдында сендердің ардақтыларың – ең тақуаларың» [8], – деген.
Қоғамдық әділдікті ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін Ислам діні адамның жеке басын құрметтеуді міндет еткен. Міне, сондықтан да Пайғамбарымыз (с.а.с.) соғыс кезінің өзінде адамның ағзаларын бөлшектеп кесуге тыйым салған[9]. Адам баласының құрмет көрсетуге лайық болмыс екенін Жаратқан ие Құранда былайша айқын баяндаған:
وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُم مِّنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى كَثِيرٍ مِّمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلاً
«Расында, Біз адам баласын құрметті де, қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде таситын көліктер бердік. Оларды адал да, таза рызықтармен ырзықтандырдық және жаратқан жаратылыстардың көбінен ерекше үстем еттік»[10].
Қоғамдық әділдікті қамтамасыз ету үшін Хақ тағала әрбір адамға еңбек ету мүмкіндігін берген. Ислам діні мұсылман үмбетінің бірінші кезекте тегіс оқып, сауаттануын бұйырған. Қабілет-қарымы сауат ашудан ары көтерілуге жетпегендер өз дәрежелеріне қарай қоғамдағы міндеттерін атқарады. Одан ары оқып-білуге құлшыныстары жоғарылар өз білімдерін шыңдап, қоғамның игілігіне жұмыс істейді. Осылайша, әркімге қабілет-қарымына сай қызмет ету мүмкіндігі беріліп, оның пайдасын жеке адаммен қатар қоғам да көреді.
Қоғамдық әділдіктің үстемдік етуі үшін ол қоғамда ізгілік пен сүйіспеншіліктің басым болуы, әрбір жеке тұлғаның өзгенің пайдасын өз пайдасындай көруі қажет. Осы тұрғыдан шариғат үкімдерінің түпкі негізі
إِنَّ اللّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالإِحْسَانِ وَإِيتَاء ذِي الْقُرْبَى وَيَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ وَالْبَغْيِ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
«Расында, Аллаһ тағала әділдікті, ізлігікті, туыс–жақындарға көмек қолын созуды бұйырады және де бұзақылық, жаман істер мен зорлық-зомбылықтан тыяды. Ойланып, ғибрат алуларың үшін сендерге үгіт-насихат береді» [11] деген аят аясында қамтылған.
3. Ислам құқығының мақсат еткен үшінші негізгі мәселесі – қоғам пайдасы. Құран мен сүннеттің бұйырған нәрселерінің бәрінің астарына үңілгенде бұған айқын түрде көз жеткізе аламыз. Әрине, кейбір жеке басын ғана күйттеп, нәпсі қалауын ойлаған адамдар ол мақсатты аңғара алмайды. Өз кезегінде Исламның қалағаны – жеке адамның құмарлықтары емес, әмбеге ортақ қоғамдық пайда[12]. Яғни ислам құқығы адамдар арасындағы қатынастарды реттей отырып, өркениетті, құқыққа негізделген қоғам қалыптастыруды көздейді.
Фиқһтың (ислам құқығының) ерекшеліктері
Ислам құқығы ислам дінінің негізінде пайда болған құқық. Үкімдері Құран, сүннет, ижма және сол секілді қосымша дәлелелдерге сүйенеді;
Ислам құқығы адам мен адам, жеке тұлға мен мемлекет және жеке тұлға мен Жаратқан арасындағы қатынастарды реттейді. Осы тұрғыдан алғанда адамдардың қолдан жасаған құқығынан әлдеқайда кең көлемді болып табылады;
Ислам құқығының классификациясы Рим құқығынан алынған емес, өзіне тән ерекшеліктерге негізделген. Жоғарыда айтып өткеніміздей құқықтық үкімдер ғибадат, муамалат және уқубат секілді негізгі үш топқа бөлінген;
Ислам құқығында құқықтық жүйеге қатысты әрбір іс-әрекетке қатысты белгілі бір сый мен жаза бар. Бұл сый мен жазалар дүниелік һәм ақыреттік істерді қамтиды.
[1] «Әнбия» сүресі, 107
[2] «Юнус» сүресі, 57
[3] «Анкабут» сүресі, 45
[4] Бухари, Зекет, 63; Ибн Мажә, Зекет, 1
[5] «Мәида» сүресі, 8
[6] Муснәд, 2-т., 361, 524-б
[7] Муснәд, 5-т., 410-б.
[8] «Хужурат» сүресі, 13
[9] Бухари, Мазалим, 30; Мағази, 36
[10] «Исра» сүресі, 17/70
[11] «Нәхіл» сүресі, 90