Бұрындары бір дана ғалымнан:
–Осы Ислам діні әйел затын қай жағынан қорғап, оның дәрежесін көтерген?-деп сұрапты. Сонда әлгі ғалым:
–Ислам әйелді барлық жағынан даңқын көтеріп, қоғамның ерекше тұлғасы етіп қойған. Керек десеңіз, Ислам әйелді өзінің айналасындағы адамдармен қорғап қойған. Жас кезінде әкесінің, көкесінің және ағаларының қамқорында болады. Бойжеткенде күйеуінің, қартайғанда балаларының қамқорлығын көреді. Оны ешуақытта баспана, бала-шағасының ішіп-жемі, қаражат секілді мәселелер қатты мазаламайды. Мұндай жауапкершіліктің барлығы ер адамның мойнына жүктелген. Осылайша, оған әрдайым бір адамды қамқор етіп қойған Ислам әйелдің дәрежесін қалай көтеріп қойған десеңші!-деп жауап берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы