Сұрақ: Мұсылманның хоббиі болса рұқсат па?
Жауап: Хобби – адамның бос уақытында айналысатын сүйікті ісі. Хоббимен кез келген адам айналыса алады, бастысы, ислам талаптарына қарсы келмесе болғаны. Әдетте адамдар бос уақытын қызықты өткізу, бір сәт миы мен жүйке жүйесі тынығу үшін айналысады.
Мысалы, бос уақытында Құран немесе кітап оқу, хусни хат жазу (көркем жазумен айналысу), даналық сөздер, өлеңдер жаттау сияқты т.б.
Ал енді адамның денсаулығына зиян келтіретін немесе ислам талаптарына қайшы келетін дүниелермен әуес болу, оларды хоббиге айналдыру рұқсат емес. Мысалы, аморальды фильмдерді көру, иттерді төбелестіру сияқты т.б.
Себебі мұсылман – отбасында, қоғамда, жалпы өмірде әдепті һәм үлгілі жан. Ислам адамды бұзықтыққа емес, жоғары адамгершілікке және рухани байлыққа шақырады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ