Пайғамбарымыз дүниеден озған соң көптеген мәселенің шешімі жайында мұсылман ғалымдары осы төрт сахабаның көзқарасына көбірек жүгінген. Бір мәселенің төңірегінде төртеуінің де бірдей келісімге келуіне «қаулул-Абадила» делінген. Сіздің сұрағыңызда айтылғандай, Абдуллаһ ибн Мәсғудтың бұл терминнің аясында аталмауы ол терминолгияның Абдуллаһ ибн Мәсғудтың қайтыс болуынан кейін келіп шығуына қатысты. Әйтпесе оның ислам фиқһындағы орны бір төбе.
Ибн әл-Мәдәнидің айтуына сүйенсек, имам Әузағи, имам Әбу Ханифа, имам Мәлік және Имам әш-Шафиғи секілді ғалымдар сонша ғалым сахабалардың болғанына қарамастан сөздері пәтуаға негіз ретінде алынатындардың қатарына Абдуллаһ ибн Мәсғуд, Зәйд ибн Сәбитжәне Абдуллаһ ибн Аббас секілді үш сахабаны жатқызған.