Қылмыс – пенденің бар болуының бір шындығы. Бұл дүниені қылмыссыз әрі әділ елестетуге болады, бұл бәріміздің қалауымыз болса да, адамзат тәжірибесінде жоқ. Себебі қылмыс пенденің өмір сүрген уақыттан бері жалғасуда.[1]
Асры Саадет кезеңі деп аталатын, Пайғамбарымыздың болған қоғамда да қылмыс жасалды. Сондықтан, қылмыссыз ішінара мүмкін болса да, қылмыс пен қылмыскерлерден толықтай арылған әлем мүмкін емес.
Қылмыстың не себепті жасалғаны туралы мәселе – бұл тәуелсіз тергеудің мәні болып табылатын ауқымды бір сұрақ. Алайда бұның негізгі себептерінің ең басында, жаратылыстан пайда болған айырмашылықтар,[2] қақтығыстардың ақиқаты,[3] пенденің жақсы әдеттерімен қатар жаман әдеттерді де бойына сіңіруі [4] және пенденің ішкі сезімі, екінші бір адамның себеп болуымен пендешілікке салынып қылмыс жасалады немесе қылмыс жасауға мәжбүрленеді. Осындай себептерден де ислам діні ешқашан адамды қылмыссыз субъект ретінде көрмеген, керісінше ол қылмыстың адамдық қасиеті екеніне тоқталған. Бұндай жағдайға тап бол қалғанда, адам періште емес, адам – бұл жауапкершілікті сезіне білетін тұлға әрі біліп немесе білмей істеуде еркі бар.
Исламда өмірге келудің бірақ мақсаты бар. Ол да Алла алдында міндеттерін орындау[5] және жақсылық жасауда жарысу мен сынақ.[6] Егер пенде ешқашан қылмыс немесе күнә жасамаған болса, онда бұл өмірдің сынағы, еріктің, ақылдың және жауапкершіліктің қажеті болмас еді. Шынында да, осы ақиқат тұжырымының дәлелі ретінде Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Нәпсіміз қолында болған Аллаға ант етейін, егер сен күнә жасамаған болсаң, Алла сені жойып, сендер үшін күнә жасайтыны қауымды жаратады және олар осы күнәлары үшін Алладан кешірім сұрайды, Аллада оларды кешіретін еді» [7] деп бұйырған.
Сондықтан, қауіпсіз саналатын қылмыстар мен белгілі бір дәрежеде жасалған қылмыстар табиғи құбылыс деуге болады. Табиғи болып саналмайтын қылмыс даралықтан туындайды және кең етек алады, сабақтастыққа ие болады, әдетке айналады, жеке және әлеуметтік тыныштық пен бейбітшілікке қауіп төндіреді. Бұндай қылмыстар бір мемлекетке төнген қауіп болуымен қатар бүкіл әлемге де кесірі тиюі әбден мүмкін.
Тіпті тәуелсіз елімізде де кей бір қылмыстар, бұрын соңды естімеген түрлері мен стильдерде жасалуда. Қылмыстың көбеюі және жайылуының негізгі факторларының басында надандық, діни және мәдени құндылықтардың болмауынан болады деп санаймыз, сондықтан қылмыс көбейіп, кең етек алуда. Осыған байланысты қылмыспен күресте ислам құқығында (Фиқһда) ұстанатын әдістеріне шолу жасап көрдік.
Зерттеуіміз қылмыспен күрес тұрғысынан болғаны үшін, біз жеке тұлғаға және қоғамға қауіп төндіретін қылмыстарға тыйым салудың негіздеріне сүйене отырып талқылауды орынды деп таптық. Ислам құқығы Уахиға (Жаратқанның сөзіне) сүйене отырып шығарылған қағидалар болғаны үшін қылмыспен күресте маңызы өте зор. Осы себептен де қылмыспен күресте бірінші діни сенімі мен нанымына, осыдан кейін амалы мен әдебі негізге алынады.
Бақытты отбасы немесе тату-тәтті өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптының, қоршаған ортасы мен білім қылмыстың алдын алуға тигізген септігін нақты дәлелдермен көрсететін боламыз. Осы әдістерден кейін жеке, әлеуметтік және әкімшілік салаларда қолдануға болатын нақты шаралар ұсынылды және жазалау күрестің соңғы түрі ретінде енгізілді.
Құқықта қылмыс, жаза беруге негіз болған бір заң. Заң шеңберінде тиым салынған іс-әрекетті жүзеге асырғанда немесе орындауға міндетті болған бір істі орындамаған жағдайда кінәлі болып қылмыскер атанады.[8]
Ислам Құқықшылары арасында Мәуарди (ө. 450/1058) қылмыс сөзінің тұжырымдамасын былай деп берген: «Алла Тағаланың хад және тазирмен жаза берген шариғи тиымдар» [9] Сөйлемде айтылған «Хад» сөзі Шариғатта өлшемі белгілі болған жазалар. Бұл қыссас және диет жазаларын қамтиды.[10]
Сонымен, қылмыс дегеніміз – «Жаза қарастырылған тыйым салынған іс-әрекетті жасау немесе бұйырылған істен бас тарту». [11] Дәлірек айтқанда, бұйрықты орындамау немесе тыйымның бұзылуына қылмыс дейміз. Хад жазасына қажет еттіретін қылмысқа неке адалдығын бұзу (зина), жала жабу, маскүнемдік, ұрлық, тартып алу (бандитизм), қарақшылық және бүлікшілдік (мемлекетке қарсы бүлік) жатады.[12]
Фиқһ әдебиеттерінде қыссас, адам өлтіру немесе қәуіп төндіру, жаралау немесе кесу сияқты белсенді әрекеттердің орнына тағайындалған балама жазаға берілген атау.[13] Қыссас жазасы адам өлтіргенге және осы істің баламасын жасағандарға деп екі қысымда қарастырылған.
Шартты үкімдердің, оның ішінде қылмыстардың тәртібіне (Иллатул Матлуб) [14] шартсыз мойынсұну, еріксіздік және берілуден тұрады.[15] Басқаша айтқанда, барлық ғибадаттар мен бұйрық үкімдерінің ұлылығы әлемдердің Раббысына қызмет ету және бұйрықтарын орындау болып табылады. Мұндай ережелерді насихаттаудың қажеттілігі ақылдың жету мүмкін болмағаны үшін, бұндай ережелерді тек діни сенімғана қамтиды.
Егер қылмыс деп саналатын әрекеттерден бас тартудың немесе болдырмауды ұлттық сенімі мен діни ұстанымына негіздеп тәртіпке бағыну болса, мұсылманның міндеті бұл тыйымдарға ұқыптылықпен қарау ғана. [16]
Исатай Бердалиев
[1] Мәйда 27-31.
[2] Бұхари, “Әнбиа”, 19, “Мәнакиб”, 1; Муслим, “Фадаилу с-Сахаба”, 199.
[3] Һуд, 118-119.
[4] Осы тақырыпқа қатысты аяттар: Ниса, 28, 115, 128; Ағраф, 24; Хаджр, 47; Исра, (17), 11.
[5] Зарият, 56.
[6] Мулк, 2.
[7] Тәубе, 11.
[8] ҚР Қылмыстық кодексi
[9] Мәуарди, Әбул Хасан б. Мухаммад, Әл-Аһкаму с-Султанииа уа л-Уилаяту д-Динииа (нәшір. Халид Абдуллатиф), Бейрут 1410/1990, б. 361.
[10] Әбу Захра, Мухаммад (ө.1974), әл-Жәрима, Кайр (Дару л-Фикри л-Араби), б. 25.
[11] Удәһ Абдулкадир (ө.1954), әт-Тәшриу л-жинаи л-Ислами, Байрут 1415/1994, I,том, б. 66.
[12] Удәһ I, 79; II, 345; Мухаммад Сәлим, Фи Усули н-Низами л-жинай л-Ислам, Кайр 1983, б. 130.
[13] Серахси, Әл-Мәбсут, XXVI том, б. 60, 63.
[14] Зуһайли, Уаһби, Усулу л-Фикһи л-Ислами, Шам 1986, I том, б. 671-674; Ибрахим Каффи, ДИА XXII «Иллат» бабы 117-120.
[15] Шатыби, Әбу Исхақ Ибрахим б. Муса б. Мухаммад (ө.790/1388), әл-Муафакат, II том, б. 308-309.
[16] Карадауи Иусуф, әл-Ибадиа фи л-Ислам, Кайр1405/1985, б. 118.
[17] Мәйда 27-31.
[18] Бұхари, “Әнбиа”, 19, “Мәнакиб”, 1; Муслим, “Фадаилу с-Сахаба”, 199.
[19] Һуд, 118-119.
[20] Осы тақырыпқа қатысты аяттар: Ниса, 28, 115, 128; Ағраф, 24; Хаджр, 47; Исра, (17), 11.
[21] Зарият, 56.
[22] Мулк, 2.
[23] Тәубе, 11.
[24] ҚР Қылмыстық кодексi
[25] Мәуарди, Әбул Хасан б. Мухаммад, Әл-Аһкаму с-Султанииа уа л-Уилаяту д-Динииа (нәшір. Халид Абдуллатиф), Бейрут 1410/1990, б. 361.
[26] Әбу Захра, Мухаммад (ө.1974), әл-Жәрима, Кайр (Дару л-Фикри л-Араби), б. 25.
[27] Удәһ Абдулкадир (ө.1954), әт-Тәшриу л-жинаи л-Ислами, Байрут 1415/1994, I,том, б. 66.
[28] Удәһ I, 79; II, 345; Мухаммад Сәлим, Фи Усули н-Низами л-жинай л-Ислам, Кайр 1983, б. 130.
[29] Серахси, Әл-Мәбсут, XXVI том, б. 60, 63.
[30] Зуһайли, Уаһби, Усулу л-Фикһи л-Ислами, Шам 1986, I том, б. 671-674; Ибрахим Каффи, ДИА XXII «Иллат» бабы 117-120.
[31] Шатыби, Әбу Исхақ Ибрахим б. Муса б. Мухаммад (ө.790/1388), әл-Муафакат, II том, б. 308-309.
[32] Карадауи Иусуф, әл-Ибадиа фи л-Ислам, Кайр1405/1985, б. 118.