«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетті әлеуметтік тапсырыс аясында 2022 жылдың 29 маусым күні Маңғыстау облысының ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 мекемесіндегі экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеушілер арасында «Ислам дініндегі фанатизм» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарды Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы және Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог маманы Тыныштықов Асланбек жүргізді.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «діни фанат» сөздерінің түпкі мағынасы, не себептен адамдар фанатизим белгілері басымырақ болатыны туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар мазхаб, ақида, мүжтәһид және тағы басқа діни терминдердің түсіндірмелері талқыланды.
Семинар-тренинг барысында діни сауаттылық және діни радикализм қаупін ажыратуға бағытталған тест жұмыстары жүргізіліп, талқылау, дисскусия орын алды.