Адамдармен жақсы қарым-қатiнаста болу, сыпайылық – ислам дінінң құндылығы. Адамзат баласы қоғам ішінде өмір сүргеннен кейін өзара тығыз қарым-қатнаста болуы және сыпайылықпен, құрметпен өзара байланыстарда диалог құрып көпірлер орнатуы бейбіт өмірдің негізгі кепілі болса керек. Қоғамда өзара түсіністік пен диалогтың негізі де осыдан бастау алары анық. Сондықтан да болар ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мүмин жақсы қарым-қатнас жасай отырып өзі де осыған лайықты болады. Жақсы қарым-қатнас жасамаған немесе жасалмаған мүминде қайыр жоқ. Адамдардың қайырлысы басқаларына қайырлы болғаны!», – деген.
Ершат Оңғаров