Күндердің күнінде ғалым бітіруші түлектерге өмірлік дәріс беру мақсатында сабақ үстінде былай дейді:
– Сендер ертең оқу қабырғасынан шығып, үлкен әлемге өз беттеріңмен жеке шығасыңдар. Әртүрлі жағдайға тап боласыңдар. Ең маңызды нәрсе – адамдармен жақсы қарым қатынаста болу. Ол үшін алдымен оларды жақсы тану керек.
Ислам дінінде адамдар 3 түрге бөлінеді:
Бірінші – ақыреттік адам. Ол саған дін үйретеді. Екіншісі – осы өмірлік адам. Ол саған адами қасиетті үйретеді. Үшіншісі – жеке басын ойлайтын адам. Ол сенің адамды қаншалықты танығандығыңды аңғартады.
Сонымен қатар, адамның үш қасиеті болады:
– азық сияқты, онсыз өмір сүре алмайтын секілдісің.
– дәрі секілді, керек болғанда оған мұқтаж боласың.
– дерт сияқты, оған мұқтаж да болмайсың не онымен өзіңді жайлы да сезінбейсің. Бірақ, мұндай адаммен кейде араласуға тура келеді алайда, мұндай адамдар арқылы біз жаман қасиеттерді танып, олардан арылу мүмкін болады.
Сондықтан өмірде кіммен араласатыныңа жіті мән беріңдер. Өйткені, сондай адамдар сенің өмірдегі ең маңызды орынды табуға себепкер болуы әбден мүмкін».
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы