Сұрақ: Ислам діні психология ғылымына қарсы ма?
Жауап: Психология – адамның рухани өмірі мен әрекеттері. Яғни, адамның ішкі табиғатын терең зерттейтін ғылым. Сондай-ақ, жеке ғылым саласы ретінде қалыптасқан социология, психология, антропология т.б. сияқты гуманитарлық ғылымдар дамып, қоғамның дамуына үлесін қосып отыр.
Дін психологиясы да пән ретінде қалыптасты. Жоғарғы оқу орындарының теология, дінтану, исламтану мамандықтарында дін психологиясы пән ретінде оқытылады. Дін психологтары діни мәтіндерді зерттеп, ондағы адамның жан-дүниесіне әсер ететін мәліметтерді белгілі бір психологиялық көзқарас тұрғысынан түсініктеме жасау дін психологиясының зерттеу әдісі ретінде мойындалды.
Аталған ғылымда салт-дәстүр, діл, дін тағылымдарына қайшы келмегені абзал.
Адам өмірі мен қоғамға пайда әкелетін білім мен ғылымды дәстүрлі Ислам қолдайды және адамның діни қатынастары мен жан-дүниесін терең түсінеді, анықтай түсу үшін діни психологияны қажетінше қолдана алады.
Икрам АЙТАЕВ