Ғамр ибн Ғубса (родиял-лаһу ғанһу) айтады:
«Мен Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келiп: «Уа, Расулалла! Сiзбен бiрге кiм мұсылман болып жатыр (яғни, Ислам дiнiн кiмдер қабылдап жатыр)?» – дегенiмде, ол: «Азаты да, құлы да», – деп жауап бердi.
– Ислам деген не?
– Жақсы сөз айту, мұқтаждарды тамақтандыру.
– Иман деген не?
– Сабырлық пен қайырымдылық.
– Исламдағы ең абзал амал қандай?
– Мұсылманның мұсылман бауырларына қолы мен тiлiнiң зиянын тигiзбеуi.
– Имандылықтың ең абзал амалы қандай?
– Жақсы мiнез-құлық.
– Намаздың абзалы қандай?
– Ынтамен оқыған ұзақ намаз.
– Һижраттың (һижрат – күнәдан бас тарту) абзалы қандай?
– Раббың жек көрген нәрседен һижрат етуiң (Раббыңа жақындау ниетiмен күнәдан бас тартуың)».
Хадистi Ғамр ибн Ғубсадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Әл-Һәйсәми риуаят еттi.