Сұрақ: Ислам банкі үстемесіз несие бере ме?
Жауап: Исламдық несиелер көп жағдайда «пайызсыз» немесе «үстемесіз» деп аталады. Бұған қоса халық арасында «шариғатта кісі ақысын жемейді» деген түсінік бар. Осылардың барлығы қосыла келіп, «пайызсыз» деген сөз «тегін» деген ұғым сияқты қабылдануы мүмкін. Сөйтіп қате түсінік қалыптасады.
Сол сияқты тұтынушы «Ислам несиесі» немесе «пайызсыз қарыз» деген жарнамаларды көріп ислам банкі қарызсыз ақша береді екен деп те ойлайды. Сөйтіп «Егер мен ислам банкіне барсам, маған тегін қарызға ақша береді» деп топшылауы мүмкін.
Исламдық қаржы ұйымдары ең алдымен табыс табуды мақсат тұтатын коммерциялық ұйымдар екенін естен шығармаған жөн. Қаржыландыру кезінде исламдық қаржылық ұйымдар келешек қаржы инфляциясын, түрлі тәуекелді, кіріс мөлшерін қамтитын «белгілі мөлшердегі соманы» қосуға құқылы. Ерекшелігі, бұл банктік операциялар ислам құқық нормаларына сәйкес тұтынушыға ашық көрсетіліп жасалады.
Жалпы ислам банкі біздің елдің қаржы секторында жаңа құрылым әрі кең тарала қоймағандықтан халық арасында оның функцияларына қатысты сұрақтар көп екені қалыпты жағдай.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Ең керек рухани ілімнен құр қалма ағайын!
“Олар сенен рух туралы сұрайды: «Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді», – де”. (Құран, ”Исра” сүресі, 85- аят.) Төменде – рух туралы бірер баян: https://kazislam.kz/azhal-perishtesi-kelgende-adamnyng-aqyrettegi-zhaghdajynan-habar-bere-me/#comment-11540. Осы сілтемедегі парақшадағы мақаланың астындағы Нұр атты автор комментарийлерін көр.