Сұрақ: Ислам банкі тек мұсылмандарды қаржыландыра ма?
Жауап: Расында да адамдардың басым бөлігі Ислам банкінің атауындағы «Ислам» деген сөзі үшін оны тек мұсылман халқын қаржыландырады деп ойлауы әбден мүмкін.
Ислам банкі бірінші кезекте қаржылық ұйым. Қаржылық ұйым өзіне келген тұтынушының дініне, нәсіліне немесе тілі мен ұлтына қарамайды. Олар да басқа банктер сияқты барлық адамдарға қызмет көрсетеді.
Исламдық қаржыландырудың Ұлыбритания, АҚШ, Германия және басқа да зайырлы мемлекеттерде жұмыс жасап, кеңінен танылуы осыған айғақ. Ислам банкінің басқа банктерден айырмасы, банк Ислам құқығына сәйкес (Құран, сүннет) шариғат шеңберінде белгіленген нормаларды (тұтынушыға артық қаржылық салмақ түсірмеу, өсім алмау және т.б.) сақтай отырып жұмыс жасайды. Мұнда осы талаптарға арнайы әзірленген қаржылық операция жүйелері мен келісім шарттар жасалады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ