Ислам азық-түлік қауіпсіздік ұйымы (IOFS) жылдық жұмысының қорытындысын жариялап, ұйым аясындағы Африка жылының аяқталуына орай форум өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Форумға Қатар, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Швейцария, Біріккен Араб Әмірліктері және өзге де елдердің өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар IOFS-тің ислам әлемі елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламаларын үйлестіретін негізгі платформаға айнала бастағанын атап өтті.
Форум қонақтары құрылғанына көп болмаған ұйымның әлеуеті зор екенін, әлемде азық-түлік дағдарысы өсіп келе жатқандықтан жаһандық сын-қатерлерді шешуге уақтылы жауап беретін мұндай ұйымның қажеттігі артатынын сөз етті.