Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО) Марокконың астанасы Рабат қаласын “Ислам әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы” деп жариялады.
Аталған ұйым Ислам ынтымақтастығы ұйымының қамқорлығы аясында қызмет етеді және мүше-мемлекеттер арасындағы өзара қолдау мен қарым-қатынасты нығайту мақсаттарында Ислам елдеріндегі білім, ғылым, мәдениет және коммуникация мәселелерімен шұғылданады.
Рабат қаласы Ислам әлемінің мәдени астанасы болатындығы Марокконың жастар, мәдениет және коммуникациялар министрі Мұхаммед әл-Мәхди Бинсаид пен ИСЕСКО бас директоры доктор Салим ибн Мұхаммед әл-Малик арасындағы кездесу барысында белгілі болды.