«Алғашында ИШИР басшылығы маған «Біздің қатарға қосылсаң беделіңді арттырамыз» деп уәде берген еді. Менің міндетім – әлемнің барлық жеріндегі мұсылмандарға үндеу тастап, оларды ИШИР қатарына тарту. Алайда, ИШИР-ге қосылған сәттен бастап, мені Ирак Әмірінің қол астында қызмет етуге орналастырды. Ондағы міндетім Ирак пен Сирияда болып жатқан қақтығыстарға, яғни ИШИР әскеріне көмек ретінде қару-жарақ жіберіп отыру болды. Осылайша, әскер басшыларымен бірге жұмыс жасап жүрдім. Күндердің күнінде бір отырыста бір офицермен сөзге келіп, дауласып қалдық. Сонда әлгі офицер тарапынан адамдар шығып мені дереу қамауға алды. Ешбір себебін түсіндірместен бірнеше күн қамауда ұстады. Сонда байқағаным ИШИР көзқарасымен санаспасаң, дереу қамап тастайды екен. Ол жердегі әскер басшыларының шынайы аты аталмайды, тек бір-бірін лақап атпен таниды екен. Бұл Саддам Хусейн кезінен қалған ереже еді. Сол әскер басылардың арасында Саддам Хусейннің қол астында арнайы қызметте істеген бір кісіні таныдым. Ол қазір ИШИР-дің құпия құжаттарымен айналысып жүр.
Негізі ИШИР-дегі маңызды деген негізгі әсери шешімдерді қабылдайтын – Ирактың бұрынғы офицерлері. Өйткені, ондағы қауіпсіздік қызметі, ақпарат қызметі және әскер басшыларының барлығы дерлік Ирактың офицерлері және олардың бәрі көп жылдар бойы әскери тәжірибеден өткен кәдімгі мамандар. Олар соғыстың қыр-сырын біледі.
ИШИР-дің бір ерекшелігі, олар түрлі атыс-шабысқа өзін-өзі жарып жіберу секілді әрекеттерге жалған жиһадтты аңсап келген шетелдік азаматтарды ғана жібереді.
ИШИР құрамында 2 жыл болдым. Барлығын біліп ақ-қараны ажыратқаннан кейін, ИШИР-ден қалайда қашып құтылудың жолын іздедім» дейді Әбу Хамза Ас-Сури.
Айта кеткен жөн,Абу Хамза ИШИР әскерінен Түркия шекарасы арқылы қашып шыққан. Қазіргі таңда ол өзінің қауіпсіздігі үшін шынайы есімін жариялаудан бас тартып отыр.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
Дінтанушы