Ыстамбұлда “Ислам мемлекетінің” (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жаңа жетекшісі Әбу Хасан әл-Куреши қолға түсті. Бұл туралы Түркияның Oda TV порталы жазды.
Түрік полициясының мәліметінше, ИШИМ-нің жаңа басшысы Ыстамбұлда болған және полиция бірнеше күн оның артынан бақылау жүргізген. Кейін Ыстамбұл барлау және терроризммен күрес бөлімінің тобы әл-Курешиді ұстау бойынша операция өткізіп, оны қолға түсірген.
Терроризмге қарсы қызмет сарапшылары одан жауап алып үлгерді. Енді жақын күндері Президент Режеп Тайып Ердоған операция нәтижелерімен бөліседі.