– Қашан айтты?
– Дәл бүгін!
– Қай жерде айтты?
– Өз үйінде айтты!
– Онда сен не істеп жүрсің?
– Қонаққа барғанмын.
– Қонақасыға не жедің?
– Ой, несін айтасыз, сегіз түрлі тәтті тамақ жедім, деп тамақтарды санап шығады.
– Ой, бәрекелді! Анау ішіңе сегіз түрлі тамақ сыйғызыпсың да, мен туралы бір-екі ауыз сөзді сыйдыра алмадың ба? Екінші маған мұндай өсек-ғайбатыңмен келуші болма! Бар, жөнел!, депті.
Тұжырым: Арада қанша ғасыр өтсе, осындай нашар мінез әлі де өлмей тірі келе жатыр. Өзгелер туралы өсек сөздің адам рухына әкелер дерті көп, бауырлар! Ангина ісігенде, тамақтың іріңдейтіні бар емес пе? Өсектің іріңі одан да жаман! Сондықтан өзгелер жайлы ұнамсыз сөз айтудан сақтанып жүрейікші, ағайын!
Асылбек Әуезханұлы