Ирвин Ялом – гуманистік психологияның ізбасары. Бұл бағытта жұмыс істейтін дәрігерлер әр пациент ерекше құбылыс деп бағалайды. Ортақ ем жолы жоқ дегенді айтады. Ялом – басыңа күн туғанда жаныңа демеу болатын ерекше нақыл сөздердің иесі. Біле жүріңіз…
Қарым-қатынас туралы
- Ешкім естімейтін кезде айқайлап ал…
- Бір нәрсені санамен және жүрекпен түсінудің арасында терең құз жатыр – өте терең құз.
- Романтикалық махаббат көлеңкеде жайқалады, қадалып қарасаң – солып қалады.
- Ерте ме, кеш пе кез келген қарым-қатынас аяқталады. Ешбіріне өмірлік кепілдік жоқ.
- Өзге жанмен толыққанды байланыс орнату үшін алдымен өзіңмен байланысты ретте. Егер адам өз жалғыздығын түсіне алмаса, онда өзгені жалғыздықтан құтылудың амалы деп қана қарастырады.
- Махаббат әрдайым қайғы аралас болады.
- Біреуге толық тәуелді болу – бұл бір басқа, ал басқа жанмен тең құқылы өмір сүру – мүлде басқа нәрсе.
- Досыңды кешіру дұшпанды кешіргеннен қиын.
- Ешкім ешқашан өзге үшін ештеңе істемейді. Іс-әрекеттің бәрі өзімізге бағытталады. Жасаған жақсылығың – өзің үшін жасағаның. Махаббатың – өзіңе арналған махаббат. Тереңірек қазбаласақ – адам басқаларды сүймейді, сол адамның жанындағы өзі сезінетін тамаша күйге елітеді. Әр адам еліткен сезімге ереді, еліткен адамды сүймейді.
Бақытты іздеу
- Өмірдің құпиясын ашатын кілтті таптым: біріншіден, қалағаныңды тіле, екіншіден, қалағаныңды сүй.
- Егер өзіңді құрметтегің келсе, құрметке лайық іс істе.
- Лайықты өмір сүрсең, өзің де байқамастан жақсылық жасауға бейімделесің.
- Қабағыңды түйіп, ешкімге пейіліңді бермей, жабырқап жүру – өмір мерекесінде бар қызықтан құр қалу.
- Арсыздықпен өмір сүргенше абырой-беделсіз қалған оңай.
- Шахматта — бәрі өмірдегідей: бір партия біткенде барлық тас – бір жәшікке түседі.
- Біз бір сабақты жақсы түсіндік: өмірді кейінге қалдыруға болмайды, оны қазір сүру керек, демалысты, жексенбіні, сәті түсер шақты күтіп жүре беруге болмайды. Балалар оқуын бітірсін, зейнетке шыққанда істеймін деп бәрін кейінге ысыра берген дұрыс емес. «Ракпен ауырғалы ғана өмірдің қадірін түсіндім, қандай өкінішті» деген сөзді қаншама рет естігенімді білсеңіздер ғой…
Басыңа күн туғанда еске ал
- Жалғыздық айналаңда адамдардың барына, не жоғына тәуелді емес.
- Ең дұрыс ақиқат— өз басыңнан өткен тәжірибеден ет-жүрегіңмен қоса қанын сорғалатып жұлып алған ақиқат.
- Торығу — бұл адамның өзін-өзі тануына төлейтін ақысы. Өмірдің тереңіне үңілген сайын – торығуды көресіз.
- Ағаш биік әрі тәкәппар болып өсу үшін дауылға мұқтаж.
- Кейде тағдыр бізді «дұрыс таңдау – қателік» боп шығатын жағдайға тіреп қояды.
- Уайымның бәрін қолдан жасап аламыз. Қолдан жасағанның бәрін өзіміз жоя аламыз.
- Уысқа түскеннің бәрі көбіне өзімізге иелік етіп кетеді.
- Шыңның бәрінің ортақ қиындығы – ары қарай еңіске түсіретіні.
- Үндемей жұтып қойған ренішке уланып қалуға болады.
- Сенімділік – алдын ала құлағдар болуға тура пропорционал.
- Тәкәппарлық пен дарақылықтың астарында өзіне сенімсіздік, ұят пен өзін кем санау бар.
- Кей адамдар үшін жетістік – өзгелерден артық екенін көрсету; бөтен адамдар ойын біліп қояды деп қорқады, өзгелер бұдан да зор жетістікке жетіп, кек алады деп үрейленеді.
- Креатив пен емен-жарқын мінез қайғыдан туады.
- Өз өміріміз үшін басы бүтін жауаптымыз. Тек әрекет үшін емес, әрекетсіздік үшін де жауаптымыз.