Ирландия Үкіметі мектептердегі жыныстық зорлық-зомбылықты тергеу жөніндегі комиссия құрады, деп жазады Еuronews.
Маусым айында жарияланған алдын ала тергеу нәтижесі 1927-2013 жылдар аралығында елдің барлық бөліктеріндегі 308 мектепте кем дегенде 2400 қылмыс жасады деген күдікке ілінген 884 зорлаушы жұмыс істегенін көрсетті. Қазір күдіктілердің жартысынан көбі өмірден өтіп кеткен.
Елдің білім министрі Норма Фоули бұл баяндаманы «жыныстық зорлық-зомбылықтың ең қорқынышты дәлелдері көрсетілген жантүршігерлік құжат» деп атады.
Ол зорлық-зомбылықтан аман қалған және бұл туралы тергеушілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына айтып берген бұрынғы студенттердің «ерекше батылдығын» атап өтті: мұндай 149 адам табылды. Көпшілігі – қазір 50-60 жасқа келген ер адамдар.
Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша берілген негізгі ұсыныстың бірі – үкіметтік комиссия құру. Құжат көлемі 700 беттен асады.