Иран 5 тамызда Израильге соққы беруі мүмкін. Бұл туралы DW жазды.
Америкалық Axios басылымының хабарлауынша, осы аймақтағы америкалық күштердің қолбасшысы, генерал Майкл Курилла Таяу Шығысқа бір күн бұрын келген. Бұл сапарда Курилла Израильді Иранның ықтимал шабуылынан қорғау үшін халықаралық және аймақтық коалицияны жұмылдыруға тырысады деп күтілуде.
Айта кетейік, Иранның Израильге бұрынғы шабуылы кезінде Иордания Израильдің қорғанысында «маңызды» рөл атқарған. Өз аумағында көптеген ирандық ұшқышсыз ұшақтарды ұстап, АҚШ пен Израильдің жойғыш ұшақтары үшін әуе кеңістігін ашқан.
Axios ақпарат көздері Иранның Израильге жасаған ықтимал шабуылы бұрынғысынан да үлкен болуы мүмкін екенін айтып отыр. Өйткені Иран Ливандағы радикалды шииттік Хезболла қозғалысын да тартады.
Sky News Arabia-ның басқа да деректеріне сүйенсек, Иран 13 тамызға қараған түні Израильде бірінші және екінші ғибадатханалардың қирағанын еске алу үшін еврей халқының аза тұту күнін – Тиша Б’Ав мерекесін тойлағанда, Израильге соққы беруге дайындалып жатыр.
Бұған дейін Вашингтон мен Тель-Авив Иранның Израильге шабуылының күтілетін күнін жариялаған болатын.