Иранда сәрсенбі және бейсенбі күндері аптап ыстыққа байланысты демалыс күндері деп жарияланды. Кәрі және сырқат адамдарға сыртқа шықпауға кеңес берілді.
Алты күннен бері Иранның оңтүстігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болып тұр. Ахваз қаласында осы аптада +51 градус температура тіркелді.
Ел үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Джахроми демалыс күндері ауруханалар жоғары дайындықта жұмыс істейтінін айтты. Бүгін Иранда ауа температурасы көлеңкеде +40 градусты көрсетіп тұр.