Ирак билігі бұқаралық ақпарат құралдары мен мобилді қосымшаларда «гомосексуалдылық» сөзін қолдануға тыйым салатын жарлық шығарылды. Батыстан енген, жат құндылықтарды насихаттайтын бұл терминді «сексуалды ауытқушылық» тіркесімен алмастыруға кеңес берді.
Бұдан бөлек, кейінгі кезде жиі айтылатын «гендер» термині де қолдануға тыйым салынған сөзер қатарын толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ирактың баспасөз және байланыс жөніндегі комиссиясына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлі күшіне ене қоймаған жарлықтағы талапты орындамағандарға қандай жаза қолданылатыны белгісіз. Десе де министрлер кабинетінің баспасөз хатшысының айтуынша, айыппұл салынуы мүмкін. Сөз орайы келгенде аталған елде бір жыныстылардың төсек қатынасына тыйым салынбағанын айта кету керек, алайда, соңғы жылдары бұл сөздер қоғамда трендке айналып барады. Сөз соңында әлемнің 60 елінде бір жыныстылардың төсек қатынасы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қылмыс болып саналатынын да айта кетпеске болмайды.