Ирактың Басра қаласында жолды кеңейту жұмыстары кезінде 300 жылдық тарихы бар көне мешіт қиратылып, жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Қазір Сираджи мешіті қабырғаларының ою-өрнекті көкшіл тастары жол жиегінде шашылып жатыр.
Қала әкімшілігінің айтуынша, олар мешітті ұқыпты түрде әр тасын бөлек алып, кейін басқа жерден сол қалпында қайта тұрғызуға рұқсат берген. Алайда жол салушылар Алланың үйін трактормен қирата салған.
Ирактың мәдени мұралары мен тарихи жерлері көп жылдық соғыстар кезінде онсыз да қирап, тоз-тозы шыққан еді. Енді тарихшылар бұзылған жолдар мен ғимараттарды қалпына келтіру кезінде тарихи жәдігерлерді одан сайын бүлдіріп алмаймыз ба деп алаңдап отыр.
Елдің мәдениет министрі Ахмед әл-Бадранидің сөзінше, оның ведомствосы мешітті қиратуға рұқсат бермеген. Ол бұрын Иракты бомбалау кезінде Мосул қаласындағы қираған әл-Нури мешіті қалай қалпына келтірілсе, Сираджи мешітін де дәл солай қайта тұрғызуға уәде берді.