Индонезия президенті Джоко Видодо ертең бастау алатын Құрбан айт мерекесіне орай 35 сиырды құрбандыққа шалуды жоспарлап отыр.
Құрбандық еттері елдің барлық провинцияларына және Джакартадағы Истикләл мешітіне берілмек.
Әр сиырдың салмағы 800 келіден 1 тоннаға дейін. Олардың бәрі тиянақты түрде таңдалып алынған.
Биыл Индонезияда Құрбан айт пандемия жағдайында өтпек. Ел билігі мұсылмандарды мейрамды үйде өткізуге шақырды.