Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы «Жандарбек ата» мешітінде Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевпен кездесу өтті. Кездесуге облысқа қарасты қала, аудан имамдары қатысты.
Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде биылғы кезекті Ұлттық құрылтайдағы Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін жан-жақты талдап түсіндіре келе, елдің бірлігі, ынтымағы, татулығы, заманға сай уағыз-насихат жүргізе білу, жастарды адамгершілікке, Отаншылдыққа тәрбиелеу, кітап оқуға баулу, оларды дұрыс жолға қалай бастау туралы ой-пікірлерін айтты.
Кездесу соңы ұсыныс, пікір, ой бөлісумен аяқталды.