Сұрақ – Имамдар Матуриди ақидасын ұстану қажет дейді? Ақида ұстануда ерекшелік бар ма?
Жауап: Ақида: арабтың «ақд» – түйін, байлау деген мағынасында, яғни жүректі белгілі бір наным-сенімдерге бекіту, байлау деген. Оны «иман» (сенім) деп те атайды. Дәстүрлі Ислам дініндегі негізгі қағидалар жиынтығы. Ақида ілімінің қарастыратын басты мәселесі, Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.
Тарихта ақида мәселелерінде хауариж, рафида, муржия, қадария, жаһмия, зоһирия, мұғтазила т.б. сынды атасқан діни топтар болған. Қазіргі таңда түрлі дәстүрлі емес исламдық бағыттағы діни топтар, ақидаға байланысты тақдыр мәселесінде, ислам шарттарын орындамады деп, Алла үшін жек көру, Алланың сипаттарын дұрыс пайымдамау сынды түрлі мәселелер туындатып жатқан жағдайы бар. Имам Матуриди сенім мәселесін шариғат аясында, кең ауқымда түсіндіріп берген. Яғни, адасқан діни ағымдардың көзқарастарын жоққа шығарып, мұндай теріс пайымнан мұсылманның аулақ болу абзал екендігін түсіндірген. Матуриди сенім мектебі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының сенім негізі.
Икрам АЙТИЕВ