Күндердің күнінде белгілі ғалым Имам Мәлик Имам Шафиғиға былай деп хат жолдайды:
– Құрметті Имам, діндегі «парыз» туралы не айтасыз?
- Парыздың парызы деген не?
- Парыз емес намаз қандай намаз?
- Қандай жағдайда намаз оқымау парыз болады?
- Қандай жағдайда намаз толық болмайды?
Бұл хатқа Имам Шафиғи былай деп жауап берген екен:
- Парыз дегеніміз – ол бес уақыт намаз.
- Парыздың парызы – ол дәрет алу.
- Парыз емес намаз – кәмелетке толмаған пенденің намазы.
- Адам ішімдік салдарынан есін жоғалтқан сәтте намаз оқымау – парыз.
- Намазда ардақты Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтпаған жағдайда намаз толық болып саналмайды.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы