Күндердің күнінде Ахмет есімді кісі қомақты ақша жасырып, жасырған жері есінен шығып кетеді. Содан ақшасын таба алмай дал болып, Имам Әбу Ханифаға келіп жөн сұрайды:
– Құрметті ұстаз! Сіз елдегі беделді ғалымсыз. Көптеген мәселенің шешімін тауып беріп жүрсіз. Мен кеше қомақты ақша тығып едім. Енді соны қайда жасырғанымды ұмытып таба алмай жүрмін? Мүмкін сіз еске түсірудің шешімін айтарсыз? – дейді. Сонда Имам:
– Мен фиқһ саласының ғалымымын. Бұл салады мұндай мәселе қарастырылмайды. Дегенмен де бір шешімін айтайын. Сіз бүгін үйге барып таң атқанша намаз оқыңыз. Сонба бәлкім есіңізге түсер – дейді.
Ахмет үйіне қайтып расымен де таң атқанша намаз оқуға бекінеді. Содан намазды бастай бергенде, әлгі ақша жасырған жері есіне түседі. Таң атысымен қуанышын жасыра алмай, Ахмет Имам Әбу Ханифаға келіп:
– Ұстаз! Сізге алғыс айтуға келдім. Мен ақшамды таптым. Бірақ, ақшаның еске түсуі не үшін намазбен байланыстырғаныңызды білгім келеді – деді таңдана. Сонда Имам:
– Әрине, әрбір пенде намаз оқығанын шайтан қаламайтыны белгілі. Сол үшін шайтан сенің таң атқанға дейін намаз оқығаныңды қаламайтынын біліп, жасырған жеріңді намазды оқытпастан есіңе түсірткізген болатын – деп жауап берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы