Ораза үш дәрежеден тұрады:
1. «Умум ораза».
2. «Хусус ораза».
3. «Хусусул хусус ораза».
«Умум ораза» дегеніміз – ішіп жеу мен жыныстық қатынастан тыйылу (жалпы халықтың білетін және ұстап жүрген оразасы).
«Хусус ораза» дегеніміз – құлағымызды, көзімізді, тілімізді, қолымызды, аяғымызды және бүкіл дене мүшелерімізді күнәлі істерден тыю.
«Хусусул хусус ораза» дегеніміз – жүрек оразасы. Дүниеге ой жүгіртпей тек Алла Тағаланы ойлау. Бұл ораза түрі ой жүгіртумен бұзылады. Тек мына нәрселерге ой жүгірткенде ғана бұзылмайды: Алланы еске алғанда, ақырет күнін еске алғанда, дініміз үшін қажетті дүниені еске алғанда. Бірақ дініміз үшін қажетті дүниені еске алу мәселесі, оразаны бұзады деген ғалымдарымыз бар, тіпті бірі былай деген: «Кімде-кім ауызашар қамдану мақсатымен дүние мүлікпен шұғылданса оның оразасы бұзылады, өйткені бұл іс Аллаға деген сенімнің аздығынан болады». Осы үшінші дәрежедегі ораза Пайғамбарлардың, Сыддықтардың, Муқаррабиндердің оразасы болып табылады, яғни алдамшы дүниені тәрк етіп, бүкіл жан тәнімізбен Аллаға бет бұру.
«Хусус ораза» – салиқалы пенделердің оразасы. Жоғарыда айтқанымыздай дене мүшелерімізді күнәлі істерден барынша қорғау. Бұл ораза түріне кеңірек тоқталатын болсақ алты негізге жіктеп айтуға болады:
Бірінші: көз оразасы. Әуелі көзімізді Алланың тыйған харамдарынан сосын Алланы ұмыттыратын әртүрлі жағымсыз нәрселерден тыю. Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам бір хадисінде былай деген: «Харамға көз жүгірту лағнет Ібілістің улы оқтарының бірі, кімде кім Алладан қорыққаны үшін харамға қарамаса, Алла Тағала оған сондай иман күшін береді тіпті оны жүрегінде сезе алады»[1], және бір хадисінде Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам:«Бес нәрсе оразаны бұзады: олар – өтірік айту, ғайбат айту, өсек тасу, жалған ант ішу, шаһутпен (құмарлық) харамға нәрсеге қарау»[2], – деген.
Екіншісі: тіл оразасы. Екі жақтың ортасындағы сүйексіз етті бос, пайдасыз сөздерден, өтірік айтудан, ғайбат айтудан, жаман сөздер айтудан, өсек тасудан және әр түрлі талас тартысқа кіруден тыю. Мұның жолы да үндемеу немесе әрдайым Алланы зікір етіп, Құран оқумен болады. Жоғарыдағы хадиске қосымша ғалымдарымыз бұл мәселеге байланысты былай деген. Суфянның сөзін Бишр ибн Харис былый деп жеткізген: «Ғайбат айту оразаны бұзады». Ал Имам Лайс Мұжаһиттың: «Екі нәрсе оразаны бұзады. Бірі: ғайбат. Екіншісі: өтірік айту», – дегенін жеткізген. Тіл оразасына байланысты Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам былай деген: «Расында ораза қалқан, кімде кім ораза ұстаса балағат сөз айтпасын және инабатсыз болмасын. Егер оны кімде-кім балағаттаса немесе ерегісіп төбелеске шақырса «мен оразамын» деп айтсын»[3], – деген.
Тақырыбымызға байланысты хадис жинақтарында Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам заманында болған мынадай оқиға айтылуда. Хазірет Әнас былай деген: «Пайғамбарымыз бір күні ауыз бекітуімізді әмір етіп: «Рұқсат етілмейінше ешкім оразасын ашпасын», – деді. Кеш қараңғылығы түскен кезде Пайғамбарымыз алдына келгендерге ауыздарын ашуға рұқсат берді. Осы кезде бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Екі жас қыз ораза ұстап, қатты шаршады. Сіздің алдыңызға келуге ұялады білем. Қарсы болмасаңыз, оразаларын ашсын», – деген кезде Пайғамбарымыз рұқсат бермей қояды. Әлгі кісі тағы екі мәрте Алла Елшісінің алдына келеді. Ақырында Пайғамбарымыз: «Олар ораза ұстаған жоқ. Күні бойы адамның етін жегендердің ауыздары қалай берік болады? Оларға айт, ораза тұтқан болса, асқазанындағысын сыртқа ақтарсын, көрейік», – деді. Әлгі кісі Пайғамбарымыздың айтқандарын жеткізді. Олар Пайғамбарымыздың айтқанын орындады. Айтқаны айдай келіп, әлгілер қан лоқсиды. Жаңағы кісі Пайғамбарымызға келіп жағдайды баяндаған кезде: «Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған Аллаһқа ант етейін, егер құспай бұл қан асқазандарында қалғанда, оларды жаһаннамның оты жұтар еді», – деді. Екінші бір риуаятта әлгі кісі екінші рет келіп: «О, Аллаһтың Елшісі, шыдамдары таусылып, аштықтан бұратылып тұр», – дейді. Пайғамбарымыз оларды әкелгізіп біреуіне: «Кәне, лоқсы», – деді. Ол қан аралас ірің лоқсиды. Тіпті, ыдыс толып кетті. Екіншісі де дәл солай. Осыдан кейін Пайғамбарымыз: «Бұлар халал жолмен ораза ұстады. Бірақ, адамдардың етін жеу арқылы харам жеді», – деген-ді[4].
Үшіншісі: Құлақ оразасы. Жағымсыз және харам сөздерден құлағымызды тыюымыз парыз. Айтуы харам болған сөздің тыңдалуы да харам. Сол себепті Алла Тағала Құран Кәрімде харам жеушімен харам сөзге құлақ беріп тыңдаушыны теңеген: «Олар жалған сөз тыңдауға құмар, харам нәрсені жеуге әуес», «Ең болмаса араларындағы елді тура жолға шақыратын діндарлары мен ғұламалары оларды ауыр күнәға батыратын сөздер айтудан және арам нәрселерді жеуден тыйса игі еді. Бірақ, қайдан! Шынында, олардың өздерінің істеп жүрген істері де оңып тұрған жоқ!»[5].
Жоғарыда баяндағанымыздай ғайбат айту харам іс (үлкен күнә), ал оны естуде дәл сондай күнәлі іс екенін Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам бір хадисінде былай баяндаған: «Ғайбат айтушымен оны естуші күнәда серік»[6].
Төртінші: Дене мүшелер оразасы. Аяқ қолымызды харам нәрселерден тыю. Іптар уақытында күмәнды тағамдардан аузымызды тыю. Халал тағамдардан өзімізді тыйып күмәнді, харам тағамдарды жесек онда оразамыздың еш мағынасы қалмас. Оның мысалы ұй тұрғызамын деп бүкіл қаланы қиратқан адаммен тең. Халал тағам көп мөлшерде желінгенде ғана зиян, ал ораза сол тағамды азайту үшін бір шешім. Харам тағамдар дінімізді бұзатын у секілді, ал халал тағамдар дәрі дәрмек секілді. Көп мөлшерде қолдану зиянды, бұны реттеу үшін ораза ұстауымыз қажет.
Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам бір хадисінде былай деген: «Небір ораза ұстаушылыр бар, олардың оразасынан аларға ештеңе жоқ, тек аштықпен шөлдеу ғана»[7].Бұл хадиске көптеген түсіндірме жазушылар мынадай пікірлер айтқан:
– Күндіз бойы ораза ұстап аузын харам тамақпен ашатындар;
– Халал тамақтан бас тартып, ғайбат айтып харам ет жейтіндер;
– Өзі ораза болса да дене мүшелерін күнәлі істерден тыймайтын адам.
Бесінші: Ауыз ашар уақытта тойып тамақ жемеу. Хадистерге сүйенсек тойып тамақ жеу Алла Тағаланың жеп көретін істерінен. Адам баласы ауыз ашарда күні бойы аш жүргенін қайтарып алатындай тойып тамақ жесе тұтқан оразасынан қалайша пайда алмақ?! Тіпті басқа айларда мұнша көп жемейтін адам оразада көбейтіп жіберуі де мүмкін. Ал оразаның негізгі пайдаларының бірі – нәпсі қалауларын барынша тыйып, тақуалыққа бір қадам жақындау. Егер адам баласы Рамазан айында күндіз бойы тағам талап еткен нәпсісін ауыз ашарда екі есе тамақтандырса онда басқа айлардан да еселене қозуы мүмкін. Оразаның рухы тағамдарды азайту арқылы Шайтанның уасуасаларына (азғыруына) алданып қоятын нәпсіні тізгіндеу. Тағамдарды азайту жүйесі рамазан айында ораза емес кезде желінетін тамақтан аз тамақ желінумен болады. Сол кезде ғана адам тұтқан оразасынан пайда алады. Тіпті ғалымдарымыз ораза уақытында ұйқыны азайтып, аштықты, сусыздықты сезуді әдепті істен екенін айтуда. Сол кезде нәпсісі әлсіреп, жүрегі тазарып, таһажжуд намазы мен зікір-шүкірі көбейіп қадыр түнінің қадірін көзімен көре алады. Ал кімде кімнің жүрегі таза, ғибадаты дұрыс және көп болмаса онда ол қадыр түнінің қадірінен жырақта. Иә, бұндай сауапты істерден жырақта қалмас үшін тамақты аз жеуге тура келеді.
Алтыншы: Ауыз ашқаннан кейін күліп ойнап мәз болмай, үрей мен үміт арасында теңдікті ұстау қажет. Өйткені тұтқан оразасының қабыл болып Аллаға жақын құл болғанына кепіл болмағанындай оразасы қабыл болмай Алланың мейірімінен алыстағаны да белгісіз. Сол себепті пенде әр ғибадатынан кейін үрей мен үміт арасын тең ұстауы керек.
Хасан Басридан рахимаһулла риуаят етілген бір оқиға былай баяндалады: «Бірде бір ғалым кісі Рамазан айында бір топ күліп жатқан кісілердің жанынан өтеді де оларға былай дейді: Рамазан айын Алла Тағала мұсылмандар арасында рухани жарыс ретінде берді, бір қауым бірінен озып мәз болады екінші қауым қалып қойып бармақ шайнайды. Осыны біле тұра бекерге ойнап күлгендерге таң қаламын…».
Бірде Ахнаф ибн Қайсқа рахимаһулла біреу келіп: «Сен қариясың ораза ұстап қиналма! Ораза ол адамды әлсіретеді», – дегенде, Ахнаф оған: «Мен ұзын жолға дайындалудамын, сондай-ақ, азапқа сабыр еткеннен гөрі ғибадат, тағатқа сабыр еткен жеңілірек»,– деп жауап берген екен.
Қорыта айтатын болсақ, ауылдағы диханшы мен жоғарғы білімді адамның, немесе жайлаудағы қошы мен оқыған көзі ашық адамның оразасы тең болмаса керек. Құранда Алла Тағала осыны меңзеп: «Шынтуайтында, Алладан құлдарының арасынан тек ғұламалар ғана шын именеді»[8], – деуде. Иә Абай атамыз айтқанындай «Болмасаң да ұқсап бақ!» деп, барынша отыз күн оразамыздың санымен қоса сапасына да көңіл бөлуіміз қажет.
Имам Ғаззалидың рахимаһулла, «Ихя Улумуд-дин»,
«Оразаның сырлары және ішкі шарттары», 3/1, 318-322 б.
Әділ ЖӘНЕНҰЛЫ,
Исламтанушы
[1] «Мустадрак» атты кітабінда Хакім риуаят еткен, Ихя Улумуд-дин, 3/1, 318-320 б
[2] Әзди Жабаннан риуаят еткен, Ихя Улумуд-дин, 3/1, 318-320 б.
[3] Бухари, Ихия Улумуд-дин, 3/1, 318-320 б.
[4] Ахмад Ұбайдан риуаят еткен, Ихия Улумуд-дин, 3/1, 319-320 б.
[5] «Мәида сүресі» 42 – 63 аяттар.
[6] Табарани риуаят еткен, Ихя Улумуд-дин, 3/1, 319-321 б.
[7] Нәсаи, Ибн Мәжа, Ихя Улумуд-дин, 3/1, 319-322 б.
[8] «Фатыр сүресі» 28 аят