– Уа, имам. Өзің ғалым адамсың. Сөйте тұра мынандай салтанатты сарай салдырасың. Дүниеге қызыққаның ба, мұны қалай түсіндіресің? – дейді.
Сонда Әбу Ханифа:
– Рас айтасың. Мен дүниенің құлы емеспін. Бірақ Алла разылығы мен адамдардың алғысын сүйген құлмын. Үлкен сарай салдырғанымның себебі, қалаға келген қонақтардың көзі алдымен менің үйіме түсіп, соларды өзіме қонақ ету еді. Жолаушыны тойдырып, Жұмаққа бір табан жақындай түсуді ниет еттім, – деп жауап берген екен.
Қ.Сабыржанұлы